Оксана Александровна Чусовитина

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Оксана Чусовитина
Жеке мағлұматтар
Азаматтығы

 Өзбекстан

Мамандандыру

Спорттық гимнастика

Туған күні

19 маусым 1975 (1975-06-19) (49 жас)

Туған жері

Бұхара, Өзбек КСР, КСРО

Кәсіби карьерасы

1991-2021

Оксана Александровна Чусовитина (19 маусым 1975[1], Бұхара, Өзбек КСР, КСРО) — өзбекстандың гимнаст, КСРО, Германия, Өзбектаннның атынан сынға түскен, 1992 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Сегіз бірдей жазғы Олимпиада ойындарына (1992, 1996, 2000, 2004, 2008, 2012, 2016, 2020) қатысқан жалғыз гимнаст. КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1991).

Карьерасын 1991 жылы КСРО сапында бастаған. Сол жылы КСРО чемпионы атанды.

2002 жылы отбасы жағдайына байланысты Германияға қоныс аударып, 2006-12 жылдары Германияның атынан сынға түсті. 2008 жылғы Жазғы Олимпиадаға Германияның атынан сынға түсіп, күміс жүлде алды. Өзбекстанға 2013 жылы оралды.

2020 жылғы Жазғы Олимпиадаға қатысты да, 46 жасында карьерасын аяқтады.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Олимпиада чемпионы: 1992
  • Олимпиада күміс жүлдегері: 2008
  • Әлем чемпионы: 1991,, 2003
  • Еуропа чемпионы: 2008

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]