Нұрзада Тұрсымбекқызы Тәшімова
Нұрзада Тұрсымбекқызы Тәшімова (23.6.1955 ж.т., Шымкент қ.) актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1996). 1974 ж. Қазақ академиялық драма театрының жанындағы студияны, 1996 ж. қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. 1974 жыддан бастап Қазақ академиялық драма театрының құрамында еңбек етеді. Осы театр сахнасында Нигара (С.Ахмадтың "Келіндер көтерілісінде", Қарлығаш, Ажар (М.Әуезовтің "Қарақыпшақ Қобыландысы" мен "Абайында"), Шырын (Н.Хикметтің "Фархад-Шырынында"), Нәзиля (Д.Исабековтің "Әпкесінде"), т.б. рольдерді орындады. Сондай-ақ, "Абай" (Мағыш), "Беу, қыздар-ай!" (Айсұлу), "Шокан Уәлихановта" (Фатима) телефильмдерінде ойнаған. Гастрольдік сапармен Қазақстанның барлық облыстық орталықтарында, алыс-жақын шет елдерде болып өнер көрсетті.[1][2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- ↑ Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |