Неотения
Неотения (көне грекше: νέος – жаңа және τείνειν – созыламын, ұзарамын) – ағзаның кейбір түрлерінің онтогенезінде ересек қалпына жетпей, дернәсілдік кезеңінде жыныстық жолмен көбею қабілеті. Жануарлардағы толық неотения құбылысы кезінде тек жыныс мүшелері ғана ересектеріндей толық жетіледі де, ал қалған органдар жүйесі дернәсілдік деңгейде сақталады. Шала неотения құбылысы кезінде дернәсілдер түрленбей дамып, ұзақ уақыт өсе береді, бірақ көбеюге қабілетсіз болады. неотения кейбір құрттарда, шаянтәрізділерде, өрмекшітәрізділерде, жәндіктерде байқалады, қосмекенділерде жақсы дамыған. Неотения өсімдіктерде мүктәрізділерде, плаунтәрізділерде, қырыққұлақтәрізділерде, ашық және жабық тұқымдыларда кездеседі. Жабықтұқымдылардың ұрық қапшығы болып саналатын аналық гаметофиттің шығу тегі неотения құбылысымен түсіндіріледі. Неотения жолымен және эволюциялық дамудың қарқынды жүруінің нәтижесінде қазіргі кездегі өсімдіктердің көптеген топтары пайда болған деген пікірлер бар.[1]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том 2 бөлім
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |