Мұхаммед Әли Джинна
Мұхаммед Әли Джинна 1876 жылы 25 қыркүйекте Карачи деген елді мекенде дүниеге келген. Үндістандық мұсылман саяси қайраткері, Пәкістанның негізін қалаушы және бірінші генерал губернаторы. Бомбей мен Лондонда білім алып, он тоғыз жасында сонда заңгер болып шығады. Үндістанға оралған соң заңгерлікпен айналысты және1910 жылы Үндістанның империялық заң шығару кеңесіне сайланды. Үндістанның өзін өзі басқаруын, индустар мен мұсылмандардың бірлігін қолдай жүріп 1919 жылы Мұсылман одағына кіреді жәнеҮндістан ұлттық Конгресімен ынтымақтастық мақсатында жұмыс істейді.1920 жылдың аяғы -1930 жылдың басында ол мұсылмандар арасында тым бойұсынушы, ал конгрес партиясында тым исламшыл болып саналды. 1937 жылы Конгресс партиясы Мұсылман одағымен бірлесе провинцияларда коалициялық үкімет құрудан бас тарқан кезде Үндістанның бөлінуі және мұсылман мемлекетін құру жолында әрекет ете бастады. Пәкістан 1947 жылы құрылды, ал Джиннамемлекеттің бірінші басшысы болды сайланды. Ол 1948 жылы көз жұмады. Мұхаммед Әли Джинна ұлт әкесі ретінде ұлықталады.
Britannica Энциклопедиясы