Мұса Жәлел
Мұса Жәлил موسا ﺟﮫليل Musa Çəlil Муса Җәлил Musa Cälil | |
---|---|
Дүниеге келгені: | 15.02.1906 |
Қайтыс болғаны: | 25.08.1944 |
Мансабы: | ақын, драматург, журналист, редактор, қарсыласу күрескері |
Ұлты: | татар |
Жазу кезеңі: | соғыс аралық кезең |
Жұбайы(лары): | Әминә Залялова |
Балалары: | Чулпан Залялова |
Мұса Жәлил[1] ([muˈsɑ ʑæˈlil]; Араб тілі: موسا ﺟﮫليل; Жаңәліп: Musa Çəlil; кирилше: Муса Җәлил; толық аты: Musa Mostafa ulı Cälilev, Cyrillic: Муса Мостафа улы Җәлилев; орысша: Муса Джалиль, Муса Мустафович Залялов; 1906 жылғы ақпанның 15 – 1944 жылғы тамыздың 25) — кеңес татар ақыны және қарсыласу күрескері. Ол кеңес үкіметінің екі ең жоғарғы марапатын: Кеңес Одағы Батыры атағын (жеке басының ерлігі үшін) және Ленин сыйлығын (Моабит дәптерлері шығармасы үшін) (екеуімен де қайтыс болғанынан кейін марапатталды).[2]
Өмірінің бастапқы кезеңі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мұса Жәлил Орынбор губерниясындағы Мустафино ауылында ескі заттарды сатумен айналысатын кәсіпшінің отбасында дүниеге келді. Ол Орынбордағы Хұсайния медресесін бітірген. Алғашқы өлеңдері революция тақырыбына арналды. Жәлилдің ең алғашқы еңбектерінен түркі ақындық өнеріне тән «аруз» дәстүрінің әсерін байқауға болады. 1919 жылы ол сол кездері ақтардың билігінде болған Орынбордың астыртын комсомол ұйымына мүше болды. Содан соң Жәлил азамат соғысына қатысты, бірақ жасы келмегендіктен майданда әскери қимылдарға қатысқан жоқ, ақтарды жақтайтын қарулы топтармен күресуге атсалысты. 1920 жылы Жәлил өзінің туған ауылына қайтып оралып, онда «Қызыл гүл» атты жас коммунист ұйымын ашты. Ол Мустафинода комсомол белсендісі болды. Губерниялық комсомол конференциясында өз ауылынан делегат болып барды.[3] Ұлы Отан соғысы басталғанда Мұса қатардағы жауынгер ретінде майданға аттанды. 1942 жылы немістердің қолына түсіп, концлагерьге, содан кейін Берлиндегі Плетцензее түрмесіне жіберілді. "Моабит дәптері" деп аңызға айналған ғажайып жырлары осы түрмеде дүниеге келеді. Ол екі өлең дәптерден тұрады. Біріншісінде 60, екіншісінде 33 өлең болған. Дәптердің бірін түрмеден босап, 1944 жылы Францияға жөнелтілген Ғаббас Шарипов деген тұтқынның Нығмет Тқреқұловқа береді. Ал Төреқұлов оны ақын еліне табыс етеді. Екінші дәптерді Мұсаның камералық досы бельгиялық Андре Таммерманс табыс етеді.
1944 жылы 25 ақпанда Плетцензее түрмесінде дарға асылды. 1956 жылы еленген ерлігі үшін, қайтыс болғанынан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы және Ленин орденімен марапатталды. Марапаты әйелі мен қызының қолына тапсырылды. Мұса Жәлел-татар халқының ұлттық ақын-қаһарманы, ақындық-батырлық нышаны.
Sources
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Үлгі:TES
- Plötzensee Prison
- (орысша) Free images from Cälil's archive Мұрағатталған 18 наурыздың 2008 жылы.
External links
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Musa Cälil's poetry Мұрағатталған 19 наурыздың 2008 жылы.
- Татарша {{{1}}} Musa Cälil's poetry(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Есімінің басқа жазылулары: Mussa Jalil; Mussa Djalil; Musa Dzhalil; Mussa Dshalil; Mussa Jälil; Musa Celil; Moussa Jalíl;
- ↑ Mussa Jalil. Selected poems. Poetry of Truth and Passion. Rafael Mustafin, translated by Lydia Kmetyuk. Moscow, Progress Publishers, 1981
- ↑ (орысша) [1] Мұрағатталған 24 ақпанның 2018 жылы.