Мыңжылдық Даму Мақсаттары
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Мыңжылдық Даму Мақсаттары (МДМ) — 2000 жылдың қыркүйегінде Нью-Йорк қаласында Мыңжылдық Саммитінде БҰҰ мүше мемлекеттердің қабылдаған Мыңжылдық Декларациясына негізделген сегіз халықаралық даму мақсаттары.
193 БҰҰ мүше елдерінің барлығы және 23 халықаралық ұйым 2015 жылға дейін дамудың келесі негізгі мақсаттарына қол жеткізуге келіскен:
- Шектен шыққан кедейлік пен аштықты жою
- Жалпы бастауыш білім беруді қамтамасыз ету
- Гендерлік теңдікті қолдау пен әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту
- Балалар өлімін азайту
- Аналарды қорғауды жақсарту
- Ғасыр дерттерімен (АИВ/ЖИТС және туберкулез) күрес
- Экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету
- Даму мақсаттарында жаһандық әріптестік қалыптастыру [1]
Бұл мақсаттар дүниежүзілік қауымдастыққа 2015 жылға дейін адамдардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін елеулі, өлшеуге болатын нәтижелерге жетуге көмектесулері тиіс. МДМ қол жеткізу үшін жұмыс істеуге міндеттемелермен бірге елдер өздеріне нәтижелердің мониторингі мен МДМ жөнінде есептер даярлау үшін де міндеттеме алған.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЫҢЖЫЛДЫҚ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ. Тексерілді, 5 сәуір 2013.