Моногамия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Моногамия (грек. mono – жалғыз, бірыңғай + gamos – неке) — бір некелілік, неке мен отбасының тарихи қалыптасқан түрі. Ежелгі замандағы жұп некеліліктен пайда болған. М. келе-келе некенің үстем түріне айналды;

моногамды жануарлар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Моногамия, моногамды жануарлар (грекше monos – сыңар, бір, жалғыз және gamos – неке) — жануарлар арасында кездесетін жыныстық қатынастың түрі. Моногамияда бір еркек жануар бір маусымда, бір ұрғашы жануармен ғана жұптасып, шағылысады. Әдетте моногамды жануарлардың еркегі ұрпағын баулып өсіруге қатысады. Моногамияға негізінен құстар жатады. Мыс., аққу, бүркіт, құтан, құмай, дегелек бірнеше жылға, көп жағдайда өмір бойына жұбын жазбайды. Ал қаз бір маусымға, балапандары ұшқанша ғана, үйректер тек ұя жасап, жұмыртқа салғанға дейін жұптасады. Сүтқоректілерде Моногамия полигамияға қарағанда сирек кездеседі. Біршама тұрақты жұптар қасқыр, түлкі, борсықта (әдетте 1 маусымға) және адам тәрізді маймылдарда (бірнеше жылдарға) қалыптасқан; мыс., гиббондардың моногамды отбасы тұрақты және белгілі бір аумақты иемденіп тұрады. Жәндіктер, т.б. омыртқасыздар арасында аталық және аналық даралар шағылыс-қаннан кейін көп ұзамай аталығы, ал жұмыртқа салғаннан кейін аналығы өліп қалуы мүмкін. Бұл да Моногамияның бір түрі болып саналады.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, XI том 27 бет.
  2. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7