Моатәрізділер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Моатәрізділер (Dіnornіthіformes) – қырсыз төсті құстардың жойылып кеткен отряды.

Олардың қаңқа сүйектері Жаңа Зеландияда плейстоцен дәуірінің жыныстарынан табылған. Дене тұрқы әр түрлі болған. Мысалы, күркетауықтайаномалоптерикс немесе 3 метрге жететін – динорнис. Моатәрізділер – басы кіші, денесі біркелкі қауырсынмен қапталған, артқы аяқтары өте жақсы жетілген ұшпайтын құстар. Моатәрізділердің 6 туысының 13 – 27-дей түрі анықталған. Бұлардың жойылуына жергілікті тұрғындардың (маори) шектен тыс көп аулауы мен төтенше табиғи апаттар әсер еткен. Моатәрізділердің кейбір түрлері 17 ғасырдың басында Оңтүстік аралында (Жаңа Зеландия) тіршілік етсе, сол аралдан ғалымдар 19 ғасырдың ортасында олардың ұсақ түрін (Megalapteryx hectorі) кездестірген. Негізінен Маотәрізділер орманда тіршілік етіп, өсімдіктермен қоректенген. Қазіргі уақытта Маотәрізділердің бірнеше толық қаңқасы, сүйектері, қауырсындары және жұмыртқалары мұражайда сақталған.[1]


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Р.Сәтімбекұлы