Мирей Матье

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Мирей Матье (фр. Mireille Mathieu; туылған күні 22 шілде 1946, Авиньон) — француз әншісі. Оның жазбалары бүкіл әлем бойынша 133 миллион альбом мен 55 миллионнан астам сингл ретінде сатылды[1].

Мирей Матье
Mireille Mathieu
Мирей Матье, 2011 жыл
Мирей Матье, 2011 жыл
Туған күні

22 шілде 1946 (1946-07-22) (78 жас)

Туған жері

Авиньон, Франция

Қызметі

әнші

Әкесі

Роже Матье

Анасы

Марсель-Софи Пуарье


Мирей Матье 1946 жылы 22 Шілдеде Авиньонда, масон Роже Матье (1920-1985) және оның әйелі Марсель-Софи Пуарьенің (1921 ж.12 желтоқсан — 2016 ж. 20 наурыз) отбасында дүниеге келді, онда ол он төрт ағайынды және апалы-сіңлілердің үлкені болды. Отбасы нашар өмір сүрді, суық казармада; тек сегізінші бала туылғаннан кейін олар муниципалды үйден төрт бөлмелі пәтер алды. "Мен өте бақыттымын — мен соншалықты кедей болып туылдым, сондықтан мен өмірде көп нәрсені үйреніп, жақсы жұмыс істеуден басқа ештеңе қаламадым", — деді Мэтье кейінірек. Мектепті Мирей өте нашар оқыған болатын, бірақ, бұл оның алғашқы мұғалімімен арасындағы нашар қарым-қатынас себебінен еді. Өйткені, Мирей, тума солақай еді, ал мұғалім оны оң қолымен жазуды мәжбүрлейтін. Мирей сол қолымен жазуға тырысқанда, мұғалім оны қолымен сызғышпен ұратын. Нәтижесінде Мирей оқитын кезінде еріксіз кідіре бастады, осы себеппен мұғалім оны соңғы үстелге ауыстыруға шешім қабылдады. Осыдан кейін Мирей мұғалімді мүлдем тыңдамады. Келесі сыныпта мұғалімінің ауысқанына қарамастан, бастауыш кезінде бастан кешкені оған қатты әсер етті. Ал 13 жасында ол мектепті тастап, конверттер шығаратын зауытқа жұмысқа кетті. Мирей 15 жаста болғанда, отбасы төрт бөлмелі, қымбат, сәнді пәтерге көшті. "Бұл менің өмірімдегі ең әдемі күн болды, — деп еске алады Мирей, мен алғаш рет ваннаға түстім! Бұл керемет сезім болды". Мирей бала кезінен ән айтуды жақсы көрді, ал опера әншісінің дауысы, әкесінен берілген болатын. Мирей өзінің естеліктерінде былай деп жазады: "ол үйде ән айтты, шеберханада ән айтты, Мен оны тыңдап, тамсанғаннан қатып қалдым. Әкемнің әні естілгеннен кейін мен оған қосылып айтатынмын. Бұл оны қатты қуантты және сол кезден бастап, міндетті түрде мерекелік ән айту кешіне қатысатынымды айтты". Мирей шіркеу хорында ән айтты, операны жақсы көретін әкесімен дуэтте ән айтты. Он алты жасында, қалалық байқауға қатысып, екінші орынға ие болды. 1965 жылы ол осы байқауға қайта қатысып, жеңіске жете алды. Авиньон мэриясы оны Парижге, "Теле-Диманш" арнасындағы "Фортуна ойыны" телешоуына қатысуға жіберді.

Музыкалық мансабының басталуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1965 жылы 21 қарашада Мирей Матье алғаш рет француз телекөрермендерінің алдында "Jezebel "әнін орындады. Оның қойылымы сенсация тудырды. Эдит Пиаф тағы да сахнада өнер көрсеткен сияқты көрінді. Мирейдің дауысы осы қойылымнан екі жыл бұрын қайтыс болған әншінің дауысына ұқсас болды. Бір күннен кейін кәсіби продюсер Джонни Старк Мирейдің әкесімен келісімшартқа отырды. Осы күннен, Мирей үшін кәсіби әншінің мансабы басталды. Оған әншінің білуі керек барлық нәрсесі үйретілді: вокал, нота, сахнада өзін ұстай білу, дұрыс сөйлеу, этикет және тағы басқалар. 1966 жылы Рождество қарсаңында, Мирей, Францияның ең беделді концерт залы — "Олимпия" сахнасында өнер көрсетті. Оның премьерасына Француз эстрадасының көптеген жұлдыздары қатысты. Қойылымнан кейін Мирей көрермендерге сұрақтар қойылған парақшалар таратты:

  1. Сізге Мирей Матье ұнады ма?
  2. Оның Пиафқа ұқсастығы сізге кедергі келтіре ме?
  3. Сіз кез-келген Пиаф гала-концертіне қатыстыңыз ба?

Көптеген көрермендер Мирейді жақсы көрді, бірақ сонымен бірге, оның Эдит Пиафқа ұқсастығы байқалды. Сондықтан, Джонни Старк, оған Пиаф жазбаларын тыңдауға және оған еліктеуге тыйым салды. Бұл жағдайда ,Мирей Матье, ұлы әншінің бозғылт көлеңкесіне айналатынын түсіндірді. Мұны растау үшін ол оған дәл солай жазылған газеттерді көрсетті. Осы сәттен бастап, Мирей және оның продюсері, әншіге сахнада лайықты орын алуға мүмкіндік беретін ән стилін іздей бастады. Көп ұзамай Мирейдің Француз шансонының патриархы, Морис Шевальермен кездесуі өтті. Ол оны мына сөздермен қарсы алды: — Міне, сіз қандай сүйкімді баласыз! Назар аударыңыз, мен "Пиаф" деген сөзді қоспаймын. Себебі екеуіңіздің арасында үлкен айырмашылық бар. Кішкентай Пиаф өмірдің көлеңкелі жағында жүрді, ал сіз, Мирей, күн жағында жүресіз.

Осы сөйлеммен ол оның болашақ жолын анықтады.

Композитор Пол Морианың Mon credo әнімен Матьенің алғашқы таспасы, алты ай ішінде Францияда миллион тиражбен таратылды.

Өз-өзімен жұмыс

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мансабының басында Мирей Матьедеі Оңтүстік Авиньон акценті басым еді, сонымен қатар ол "в" және "п" дыбыстарын жиі шатастырып, сөздерді жұтып, ноталарды білмейтін еді. Сахнада дұрыс қозғала алмады. Ал менеджері Джонни Старктың айтуынша, гренадер сияқты күлетін. Алғаш рет қара уылдырықты көріп, оны "балықтың иісі бар жасымық" деп атады. Дикциясын жақсарту үшін Мирей тіл үйренуден сабақ ала бастады, тыныс алу гимнастикасымен айналысты, өкшемен жүруді үйренді, жоғарғы қоғамдағы мінез-құлық ережелерін үйренді, шет тілдерін үйренді. Ағылшын тілі оған өте қиын болды, неміс тілінде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Мирей өзінің акцентін толығымен дұрыстай алмады. Кейіннен ол бұл туралы көрермендерге j 'Ai Gardé l' Accent әнінде айтады ("Мен акцентті сақтадым"). Жылдар өткен соң, Старк, Мирей - құдірет емес деп мәлімдеді — ол жай ғана бұл істі жақсы көрді және тынбай еңбектенді дейді.

Мерейтойлық концерттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2005 жылдың қараша айында Мирей Матье Париждегі Олимпия залында "40 жылдық махаббат пен шабыт" деп аталатын, шығармашылық қызметтің 40 жылдығына арналған бірқатар концерттер берді. Осы концерттердің негізінде бейне бағдарлама дайындалып, әншінің алғашқы DVD-і жарық көрді. 2014 жылдың қазан айында аты аңызға айналған "Олимпия" сахнасында Мирей Матье, сахнадағы 50 жылдығын үш концертпен атап өтті. Олимпиядағы концерттерден кейін әнші бірқатар француз және Еуропа қалаларында өнер көрсетуді жоспарлады.

Әлемдік атақ

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Мирей Матье Мәскеуде 1997 жыл

Мирей Матье "Француз әнінің елшісі" атанады. Мирей Матье бүкіл әлем бойынша 133 миллион альбом мен 55 миллионнан астам сингл сатады. Жалпы соммасы, шамамен 190 миллион долларды құрады және француз, неміс, ағылшын, итальян, испан, провансаль, каталон, жапон, қытай, орыс және фин тілдерінде 1000-нан астам әннен тұратын репертуары болды. Ол көптеген елдерде әр түрлі көрермендердің алдында ән айтты. Мирей Қытайда концерт берген алғашқы Батыс орындаушысы болды. 1970 жылдардың басынан бастап ,Матье, Францияда мүлдем өнер көрсетпеді, Олимпия сахнасына тек 1985 жылдың аяғында оралды; әншінің келесі үлкен концерттері бес жылдан кейін Конгресс сарайында ел президенті Франсуа Миттеранның шақыруымен өтті. 1990-шы жылдары Эдит Пиаф арналған "Vous lui direz..." атты альбомы жарық көрді. Оның репертуарында әйгілі француз авторларының: Пьер Делано, Шарль Азнавур, Клод Лемель, Рево, Патрисия Карлидің әндері де, әлемдік хиттер де болды. 1978 жылы ,Мирей Матье, Францияның ұлттық символы — Марианнаның прототипі болып сайланды.

1989 жылы Эйфель мұнарасының 100 жылдық мерейтойында, Мирей Матье, Республикалық гвардия оркестрі мен француз армиясының хорымен бірге Францияның әнұранын - Марсельезаны шырқады. Марсельезаның бұл қойылымы (толық емес) көптеген елдердің теледидарында көрсетілді, әлемдегі ең танымалдардың бірі болды және Мирей Матьенің Ұлы француз әншісі атанды. 1967 жылдың жазында Матье алғаш рет француз мюзик-холының құрамында КСРО-да өнер көрсетті. Кейіннен ол КСРО-да, 1976 жылы Франция телевидениесі апталығы аясында, Үлкен театр сахнасында гала-концертте, сондай-ақ, 1987 жылдың маусымында: Мәскеудегі "Олимпийский" спорт кешенінде және Ленинградтағы Ленин атындағы ККК-де жиырма салтанатты аншлаг концерттерінде өнер көрсетті. КСРО ыдырағаннан кейін Ресейге бірнеше рет келді.

Мирей Матье, Мәскеудегі Мемлекеттік Кремль сарайында, 2000, 2002, 2008, 2010, 2012, 2017 жылдарда улкен концерттерін берген. 2010 жылғы концерт, әншінің шығармашылық қызметінің 45 жылдығына, ал 2017 жылғы наурызда КСРО-дағы алғашқы гастролінің 50 жылдығына арналды. 2012 жылы наурызда Мирей Матье, Пермь, Тюмень және Екатеринбургте концерттер берді, алғаш рет Оралдан өтті.

2009 жылдан бастап Мирей Матье, Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен "Спасск мұнарасы" халықаралық әскери оркестрлер фестивалінің басты шақырылған "жұлдызы". 2012 жылы, 1812 жылғы Отан соғысының 200 жылдығына арналған фестивальде Мирей, Ресей мен Францияның әнұрандарын орындады. Ал 2013 жылдың қыркүйегінде көпшіліктің қолдауымен, Мәскеудің әнұраны — Исаак Дунаевский мен Марк Лисянскийдің "Қымбатты менің Астанам" әнін орыс тілінде шырқады.

Жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мирейдің жеке өмірі әрдайым жасырын болды. Ол ешқашан ресми некеде тұрмаған және қоғамға өзінің өмірлік серігі ретінде бірде-бір адамды ұсынбаған. Оның балалары жоқ.

Қоғамдық саяси-көзқарастар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Мирей Матье, Владимир Путин және Муаммар Каддафи

2002 жылы "Түнгі ұшу" бағдарламасына берген сұхбатында, Мирей Матье, саясатқа қызығушылық танытпайтынын және өзінің саяси көзқарастарын де Голльге (яғни оң бағытқа) адал деп сипаттағанын атап өтті.

2007 жылдың мамыр айында Франциядағы сайлауда Николя Саркози жеңіске жеткеннен кейін (ол Нейи-сюр-Сен мэрі болған кезден бастап таныс болған) Мирей Матье Бастилия алаңында "Марсельезаны" орындады, бұл француз оппозициясының жағымсыз пікірлерін тудырды. 2008 жылдың 1 қарашасында Мемлекеттік Кремль сарайында, Мирей Матьенің концертінде Антракт кезінде Владимир Путин оны шай ішуге шақырды, онда ол Муаммар Каддафимен таныстырды. Екі жақ үшін де кездесу тосынсый болды. Ливия басшысы тіпті ресейлік әріптесінен бұл әйелдің кім екенін сұрады. Ресей Федерациясының Тергеу комитеті жанындағы Қоғамдық кеңестің құрамына кіреді[2].

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Екі рет құрметті легион орденімен марапатталды:
  1. Құрметті легион орденінің кавалері атағын президент - Жак Ширак, 1999 жылдың соңында берді[3].
  2. Құрметті легион орденінің офицері атағы Николя Саркозидің қолынан 2011 жылы 26 қаңтарда берілді.
  • 2010 жылдың 4 қарашасында, Ресей президенті Д.А. Медведев, Ресей Федерациясымен мәдени байланыстарды дамытуға, шетелде орыс тілі мен орыс мәдениетін сақтау мен танымал етуге қосқан зор үлесі үшін Достық орденімен марапатталды[4].
  • 2010 жылдың қыркүйегінде Ресей Федерациясының СКП басшысы Александр Бастрыкин әншіні "ерлік пен батылдық" ведомстволық медалімен марапаттады»[5]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. MIREILLE MATHIEU FÊTE SES 50 ANS DE CARRIÈRE Мұрағатталған 6 мамырдың 2021 жылы.
  2. Александр Бастрыкин встретился с французской эстрадной певицей Мирей Матье
  3. Мирей Матье отмечает 70-летний юбилей
  4. Указ Президента Российской Федерации от 04.11.2010 г. № 1302
  5. Бастрыкин наградил певицу Мирей Матье медалью «За доблесть и отвагу»