Микрофиламенттер
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Микрофиламенттер — эукариоттардың барлық жасушаларында, цитоплазмасында кездесетін жіптерге ұқсас ақуызды құрылымдар. Олардың диаметрі 6—8 нм құрайды.
Микрофиламенттер жасуша қаңқасының құрамдас бөлігі болып келеді. Әдетте олар актиннен тұрады, сондай-ақ миозин, тропомиозин, актинин, винкулин сияқты ақуыздардан да құралады.
Актин негізімен жасушадағы жиырылу аппараты қызметін атқарады. Актин жіпшелері сонымен қатар эндоцитоз бен экзоцитозды, цитокинезді, амебоидтық қозғалысты жүзеге асыруға қатысады. Басқа мембраналық ақуыздар осы жіпшелерді тірек ретінде пайдаланады. Сондай-ақ микрофиламенттер ішектегі ұсақбүрлерді қалыптастырады.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Microfilaments |
- Microfilaments at the U.S. National Library of Medicine
|