Мазмұнға өту

Микология

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ботаника бөлімі

Микология


Зерттеу нысандары

Өсімдіктер · Балдыр
Саңырауқұлақтар т.с.с.

Ботаника бөлімдері

Альгология · Өсімдіктер анатомиясы · Бриология · Геоботаника · Өсімдіктер географиясы · Дендрология · Диаспорология · Карпология · Лихенология · Микогеография · Микология · Өсімдіктер морфологиясы · Палеоботаника · Палинология · Өсімдіктер систематикасы · Өсімдіктер физиологиясы · Фитопатология · Флористика · Өсімдіктер экологиясы · Этноботаника · Өсімдіктер биотехнологиясы · Өсімдіктер биохимиясы · Өсімдіктер генетикасы

Атақты ботаниктар

Теофраст
Жозеф Питтон де Турнефор
Карл Линней
Адольф Генрих Густав Энглер
Армен Леонович Тахтаджян

Тарих

Ботаника тарихы

Микология (грек. mykesсаңырауқұлақ және логия) – саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым. Микологияның негізгі мақсаты саңырауқұлақтың морфологиясын, түрлік құрамын, жүйелік топтарын, биологиясын, экологиясын, физиологиясын, филогениясын, т.б. сондай-ақ табиғатта таралуы мен адам тіршілігіндегі маңызын зерттеу.

Саңырауқұлақ (шампиньон, трюфель, бүріспе) туралы алғашқы мәліметтер б.з.б. 4 ғасырда өмір сүрген грек ғалымы Теофрастың еңбектерінде кездеседі. Б.з. 1 ғасырында итальяндық ғалым Плиний саңырауқұлақтардың дамуына сипаттама беріп, бірінші рет олардың жіктелімін жасамақшы болды. 1578 жылы голландық ғалым К.Клаузиус саңырауқұлақтардың 221 түріне арналған түрлі-түсті атлас жасады.

Микология ғылымның дамуын 3 кезеңге бөлді.

  • Бірінші кезеңі 19 ғ-дың ортасына дейін – әр түрлі саңырауқұлақтарды сипаттау, олардың жіктелімін жасау жұмыстары жүргізілді. Бұл кезеңде белгілі болған еңбектер – голландық миколог Х.Персонның “Саңырауқұлақтарға сипаттама” (1801) атты 2 томдығы және швед ботанигі Э.Фристің “Саңырауқұлақтар жүйесі” (1821 – 32) атты еңбектерін атауға болады.
  • Екінші кезең – 19 ғ-дың ортасынан аяғына дейін. Бұл кезде француз ғалымдары ағайынды Л. және Ш. Тюландар бір саңырауқұлақ түрінің әр түрлі спора түзетінін (плеоморфизм құбылысын) анықтады. Ал неміс ботанигі А. де Бари паразитті саңырауқұлақтарды зерттеудің тәжірибелік әдістемесін ұсынды.
  • 'Үшінші немесе жаңа кезең 19 ғ-дың аяғынан басталады. Бұл кезең саңырауқұлақтардың физиологиясы мен биохимиясының дамуымен сипатталады.

Қазақстанда Микология жөніндегі жүйелі зерттеулер 1946 ж. Қазақстан ұА-ның Ботаника институтында басталды. Республиканың әр өңіріне тән саңырауқұлақтар флорасы зерттелді (С.Р. Шварцман, Б.Қалымбетов, Н.Қажиева, т.б.). Зерттеу нәтижелері “Қазақстан споралы өсімдіктерінің флорасы” атты 13 томдық (20 кітап) еңбекте баяндалған. Мұнда саңырауқұлақ пен қынаның 5 мыңнан астам түріне флоралық жүйелінімдік тұрғыда анықтама беріліп, саңырауқұлақтардың халық шаруашылығының әр түрлі салаларына қолданылатын паразит, жеуге жарайтын және улы түрлері анықталған.
Дискомициттердің ультрақұрылысы зерттеліп, оларға жүйеленім және филогения (тарихи дамуы) тұрғыда сипаттама берілген (Ф.Камалетдинова, А.Васильев). Бидай зеңі, ақ ұнтағы, таты, жапырақ дақтары (Қалымбетов, С.Әбиев, Ж.Қожантаева, Б.Байматаева, т.б.) мен тамыр шірігі (Б.Ермекова) ауруларын тудыратын саңырауқұлақтар биологиясы зерттелді. Trіcoderma туысына жататын саңырауқұлақтардың медициналық маңызы анықталды (Г.Сейкетов). Candіda туысына жататын, құрамы белокқа бай саңырауқұлақ себіндісі алынды (М.Шығаева, М.Сәубенова). Адам мен малды улайтын зиянды саңырауқұлақтар табылды (А.Жақанов, Н.Фадеева, П.Ников, т.б.). Топырақ және өзен-көл суындағы органикалық заттарды ыдыратуда саңырауқұлақтың қандай рөлі бар екені анықталды (А.Илялетдинов, К.Төлемісова, т.б.). Астық тұқымдас өсімдіктерінің тат саңырауқұлақтары тудыратын аурулар және олармен күрес шаралары зерттелді (Әбиев, т.б.). Қазақстанда Микология саласындағы зерттеулермен Ботаника және фитоинтродукция институты, Микробиология және вирусология институты, Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты, Қазақ жеміс-жидек және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, ҚазӨУ, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, т.б. мекемелер шұғылданады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова. Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0