Максим Горький

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Максим Горький
Туған кездегі есімі

Алексей Максимович Пешков

Туған күні

28 наурыз 1868 (1868-03-28)

Туған жері

Төменгі Новгород, Ресей империясы

Қайтыс болған күні

18 маусым 1936 (1936-06-18) (68 жас)

Қайтыс болған жері

Горки,Мәскеу облысы,Ресей КФСР

Ұлты

Орыс

Қызметі

ақын, жазушы, драматург, журналист, публицист

Жұбайы

Екатерина Павловна Пешкова (1896 - 1903)
Мария Фёдоровна Андреева (1903 - 1919)

Балалары

Максим Алексеевич Пешков
Екатерина Алексеевна Пешкова (1901—1906)

Қолтаңбасы

Қолтаңбасы


Максим Горький, сол сияқты Алексей Максимович Горький (туған уақытында Алексе́й Макси́мович Пешко́в есіміміен танымал; 16 (28) наурыз 1868, Төменгі Новгород, Ресей империясы18 маусым 1936, Горки[1], Мәскеу облысы, КСРО) — орыс жазушысы, прозаик, драматург.

Балалық шағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алексей Пешков ұста Максим Савватьевич Пешковтың (1839—1871) жанұясында Нижний Новгородта дүниеге келді. Анасы Варвара Васильевна(1842-1879) Кашириннен шыққан. Горькийдің атасы Савватий Пешков офицер шеніне дейін қызмет етіп, «төменгі шенділерге қатаң қарағаны үшін» шені төмендетілді және Сібірге жіберілді.

Максим өгей әкесінен бес рет қашып, 17 жасында үйден біржола кетті.Әкесі холерадан дүниеден өтті.Себебі,Максим әкесін осы аурумен жұқтырған.Анасы екінші рет тұрмысқа шықты. Горький ерте жетім қалып, балалық жылдарын өзінің атасы Кашириннің үйінде өткізді (қараңыз «Домик Каширина»). 11 жасынан бастап «адамдарға» баруға мәжбүр болды: дүкенде «бала», кемеде буфетті ыдыс жуушы, наубайханашы болып жұмыс істеді. Шеберханада икон жазуды үйренді.

Жастық шағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1884 жылы Қазан Университетіне түсуге талпынады. Маркстік әдебиет пен насихат жұмысымен танысады. 1888 жылы Н. Е. Федосееваның үйірмесіне байланысты қамауға алынды. Полицияның үнемі қарауында болды. 1888 жылдың қазан айында Дробинка станциясындағы Грязе-Царицино темір жолына күзетші етіп жіберілді. Дробинкадағы алған әсері «Сторож» ("Қарауыл") және «Скуки ради ("Іш пысу үшін")» автобиографиялық әңгімелері үшін негізгі қызмет атқарды.

1889 жылдың қаңтар айында өзінің келісімімен (өлеңмен жазылған) Борисоглебск станциясына ауыстырылды, кейін Крутая станциясына таразышы болды.

1891 жылдың көктемінде ел аралап, Кавказға дейін жетті.

Әдебиеттік және қоғамдық қызметі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1892 жылы алғаш рет баспаға «Макар Чудра» әңгімесімен түсті. Нижний Новгородқа оралып, «Волжском вестнике», «Самарской газете», «Нижегородском личтке» және т.б. фельетондары мен шлоуын бастырады.

1895 - «Челкаш», «Старуха Изергиль»әңгімелері жарыққа шықты.

1896 – Нижний Новгородтағы бірінші кинематографиялық сеансқа үн қатты.

1897 жылы - «Бывшие люди», «Супруги Орловы», «Мальва», «Коновалов»әңгімелері жазылды.

1897 жылдың қазан айынан бастап, 1898 жылдың қаңтар айына дейін Каменка поселкесінде (қазіргі Тверь облысының Кувшиново қаласы) өзінің досы Каменск қағаз жасау фабрикасында жұмыс істейтін және жұмысшыларды жасырын маркстік үйірмені басқаратын Николай Захарович Васильевтің пәтерінде тұрады. Кейін осы кезеңдегі өмірден алған әсерлері жазушыға «Жизнь Клима Самгина» романына материал болды.

1898 жылы Дороватский мен А.П. Чарушников баспасында Горькийдің шығармаларының бірінші томы шыққан болатын. Сол жылдары жас аутордың бірінші кітабының тираждар саны 1000 данадан әредік уақыттарда ғана асып отыратын. А.И. Богданович М. Горькийдің «Очерктер мен әңгімелерінің» алғашқы 2 томын 1200 данадан шығаруына кеңес берді. Баспадағылар «тәуекел етті» және көбірек шығарды. «Очерктер мен әңгімелерінің» 1-баспасының бірінші томы 3000 дана болып шықты.

1899 жыл – «Фома Гордеев» романы, «Песня о Соколе» прозалық поэмасы.

1900-1901 жылдар – «Үшеу» романы, Чеховпен, Толстоймен танысулар.

1900-1913 жылдар – «Знание» баспасындағы жұмысқа қатынасады.

1901 жылдың наурыз айы – «Песня о буревестнике»шығармасы Нижний Новгородта жазылды. Нижний Новгород, Сормов, Петербургтағы маркстік жұмысшылар үйірмесіне қатынасу, самодержавиеге қарсы күреске шақыратын үгіт қағазын жазды. Осы уақытта қамауға алынып, Нижний Новгородтан шығарылды.

1901 жылы М.Горький драматургияға бағыт алды. «Мещане» (1901), «На дне» (1902) пьесаларын дүниеге әкелді. 1902 жылы Пешков тегін алып, православие дінін қабылдаған еврей Зиновий Свердловтың өкіл және асырап алған әкесі болды. Бұл әрекет Зиновийдің Мәскеуда тұру құқығына ие болуы үшін болатын. 21 ақпан - М. Горький Изяшной словесности Разряды бойынша Императорлық ғылым Академиясының құрметті академигі болып сайланды.

1904 – 1905 жылдары «Дачники», «Дети солнца», «Ва́рвары» пьесасын жазды. Ленинмен кездесті. Революциялық үгіт қағазына 9 қаңтардағы атуға байланысты қамауға алынады, кейін қоғамдық ортаның қыспағымен босатылды. 1905-1907 жылғы Революцияға қатынасушы. 1905 жылдың күзінде Ресейлік әлеуметтік-демократиялық жұмысшы партиясына түсті.

1906 жылы – М.Горький шет елге кетіп, Франция мен АҚШ-тың «буржуазной» мәдениеті туралы сатиралық памфлетін («Мои интервью», «В Америке») құрады. «Враги» пьесасын,«Мать» романын жазады. Горький өкпе сырқатына байланысты 7 жыл (1906 жылдан 1913 жылға дейін) тұрған Капри аралындағы Италияға қоныстанады. Сол уақытта ең айтулы қонақ үйіне орналасты (онда сол сияқты Федор Шаляпин де орналасқан болатын, қазіргі уақытта Grand Hotel Quisisana әлемдік қонақүй The Leading Hotels of the World ассоциациясына кірді.).

1909 жылдың наурыз айынан бастап, 1911 жылдың ақпан айына дейін «Спинола» вилласында (қазіргі «Беринг») тұрды, “Блезиус” (1906 пен 1909 арасы) және“Серфина” (қазіргі “Пьерина”) виллаларында орналасқан болатын. Каприге Горький Ленинмен дүниелік көзқарастары алшақтауы және Луначарский мен Богдановпен жақындасуы айқындалған «Исповедьті» (1908) жазады (қараңыз. «Каприйская школа»).

1907 жыл — РСДЖП V съезіне делегат.

1908 жыл — «Последние» пьесасы, «Жизнь ненужного человека» повесі дүниеге келді.

1909 жыл — «Городок Окуров», «Жизнь Матвея Кожемякина» повестерін жазды.

1913 жыл — M. Горький большевиктік «Звезда» және «Правда» газеттерін, «Просвещение» большевиктік журналының көркемдік бөлімін редакциялайды, пролетар жазушыларының бірінші жинағын шығарады.«Италия туралы ертегілерді жазады».

1912-1916 жылдары – М.Горький «По Руси» жинағын құраған әңгімелер мен очерктер сериясын, «Детство», «В людях» автобиографиялық повесін жазды. «Мои университеты» трилогиясының соңғы бөлігі 1923 жылы жазылды.

1917-1919 жылдары – М.Горький ірі қоғамдық және саяси жұмыс жүргізеді, большевиктер «әдісін» сынға алады, олардың бұрынғы интеллигенцияға қарым-қатынасын шенейді, оның көптеген өкілдерін большевиктер репрессиясы мен аштықтан құтқарады.

1921 жыл – М.Горькийдің шет елге кетуі. Кеңестік әдебиетте оның кетуінің негізгі себебі денсаулығының сыр беруі мен шет елде ем алуды Лениннің талап етуімен кетуі. Ал, шындығына келгенде, А.М. Горький орнатылған үкіметпен идеологиялық келіспеушіліктің ушығуынан кетуге тура келді.

1921-1923 жылдары Гельсингфорста, Берлинде, Прагада тұрды.

1924 жылы Италияда, Соррентода тұрды. Ленин туралы естелік жариялады.

1925 жыл — «Дело Артамоновых» романы.

1928 жыл – Кеңестік өкіметтің және Сталиннің өзінің шақыртуымен «По Советскому Союзу»("Кеңес Одағы бойынша") очерктер циклінде көрініс тапқан КСРО жетістігін көріп, елді аралады.

1931 жылы – Горький аса маңызды Соловецк Лагеріне барып, оның тәртібі туралы мақтау пікір жазады. Бұл фактіге А.И. Солженицыннің «Архипелаг ГУЛАГ» еңбегінің фрагменті арналған.

КСРО-ға қайта оралу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Максим Горький мен Генрих Ягода. 1935 жылғы қарашаға дейін

1932 жыл – Горький Кеңес Одағына оралады. Үкімет оған Горки мен Тесселидегі саяжайдан Спиридоновкадағы Рябушинск бұрынғы жеке үйін берген болатын. Осы жерден ол Сталиннің тапсырысын алды – кеңестік жазушыларының 1-съезі үшін негіз даярлау еді. Бұл үшін олардың арасында даярлық жұмыстарын жасау керек болатын. Горький бірнеше газеттер мен журналдардарды,кітап бөлімдерін жарыққа шығарды: «История фабрик и заводов», «История гражданской войны», «Библиотека поэта»,"Жизнь замечательных людей(ЖЗЛ)" «История молодого человека XIX столетия», «Литературная учёба» журналдарын,«Егор Булычёв и другие» (1932), «Достигаев и другие» пъесаларын (1933) дүниеге әкелді. 1934 жыл – Бүкілодақтық кеңестік жазушылардың І съезін «өткізеді», онда негізгі баяндамасымен сөз алды. 1934 жыл – «Канал имени Сталина» кітабының авторласы. 1925-1936 жылдары аяқталмай қалған «Жизнь Клима Самгина» романын жазды. 1934 жылы 11 мамырда Горькийдің ұлы – Максим Пешков аяқ астынан қайтыс болады. М.Горький 1936 жылы 18 маусымда Горкада ұлының қазасынан кейін екі жылдан соң қайтыс болады. Қайтыс болған соң, денесі кремацияланды,кремациядан қалған күлі Мәскеудегі Қызыл алаңның Кремль қабырғасында орналастырылды. Кремациядан бұрын М.Горькийдің миы алынып, Мәскеулық Ми Институтынан ары қарайғы зерттеуге қойылады.

Қайтыс болуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Горький мен оның ұлының қайтыс болу себебі көпшіліктің «сезікті», шындығы анықталмаған уландырды деген сыбыстар шықты. Жерлеу рәсімінде басқалармен қатар Горькийдің мәйітін Молотов пен Сталин алып жүрді. Генрих Ягоданы басқа да тағылған айыптарымен бірге 1938 жылы Үшінші Мәскеу үрдісінде Горкийдің ұлын уландырды деген айып тағылды. Ягодадан жауап алу келісімінде Максим Горькийді Троцкий бұйрығымен өлтірілді деп айтты, ал Горькийдің ұлы Максим Пешковті өлтіру өзінің иницитивасы болғанын айтты. Кейбір басылымдарда Горький өліміне Сталинді айыптайды. Медициналық жағының маңызды прецеденті «дәрігерлік ісінде» сотқа тартылғандар арасында үш дәрігер болған (Казаков, Левин және Плетнёв) Үшініші мәскеулік үрдістен(сот)кейін Казаков пен Левин ату жазасына кесіліп,атылды,ал Плетнёв 1941 жылы атылған.

  1. Бірінші әйелі — Екатерина Павловна Пешкова (Воложинада дүниеге келген).
    1. Ұлы — Максим Алексеевич Пешков (1897—1934) + Введенская, Надежда Алексеевна («Тимоша»)
      1. Пешкова, Марфа Максимовна + Берия, Серго Лаврентьевич
        1. Қыздары Нина менНадежда, ұлы Сергей
      2. Пешкова, Дарья Максимовна
  2. Мария Фёдоровна Андреева (1872—1953; )
  3. Өмiрдегі көп жылдық серiгi — Будберг, Мария Игнатьевна

Санкт-Петербург — Петроград — Ленинградтағы мекен-жайлары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Библиографиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әңгімелері, очерктер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Публицистикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 1906 — «Мои интервью("Менің сұхбаттарым")», «В Америке("Америкада"» (памфлеттер)
  • 19171918 — «Несвоевременные мысли»("Өз уақытында болмаған ойлар")мақалалар жинағы 1918 бөлек басылым түрінде "Жаңа өмір"газетінде басылды
  • 1922 — "О русском крестьянстве"("Орыс крестьяндығы туралы")

Кинода жүзеге асырылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Максим Горький нумизматикада

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қызықты деректер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

<references>

  1. Боровкова Серафима Николаевна. — Заповедная звенигородская земля. — 3-е изд. — М.: Моск. рабочий, 1982
  2. Сказки об Италии Мұрағатталған 13 сәуірдің 2010 жылы.