Луиджи Ноно
Көрініс
Луиджи Ноно (итал. Luigi Nono; 29 қаңтар 1924, Венеция, Италия — 8 мамыр 1990) — Италия сазгері.
Құқықтануға оқи жүріп, музыкадан: Джан Франческо Мапипьеро (Malipiero; 1882-1973), Бруно Мадерна (Maderna; 1920-1973) және Герман Шерхеннен (Schcrchen; 1891-1966) дәріс алған.
1950 жылы өзінің Канондық вариация (Variazioni Canoniche) 12-тонды тақырыбын оркестрмен орындаған, 1955 жылы Арнольд Шёнбергтің Нури деген қызына үйленген.
Ноно саяси мазмұнды жұмыстар жасаған, олардың көпшілігі бірыңғай қабылдана қоймаған. Алеаторик (кездейсоқтық) әдістерді және сериялы техникаларды қолданған.
Оның ең танымал жұмысы Intolleranza (1961) операсы.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- http://www.luiginono.it
- http://www.myspace.com/archivioluiginono
- Nono’s il prometeo: a revolutionary’s swansong
- Nono’s 'Quando stanno morendo': cries, whispers and voices celestial'