Лимфа безі
Лимфа бездері | |
---|---|
Лимфа бездерінің негізгі бөліктерін көрсететін диаграмма. | |
лимфа жүйесі бөлігін құрайтын лимфа бездері, ол ағызаның көп бөлігінде болады және ұсақ лимфа тамырларымен байланысады. | |
Латын тілі | nodus lymphaticus |
Лимфа | Лимфа жүйесі, Бейімделген иммунды жүйенің бөлігі |
Лимфа безі (ағылш. lymph gland), кейде Лимфа түйіні (ағылш. lymph node[1]) — пішіні дөңгелек немесе сопақша келген, лимфа тамырларының бойында орналасқан, лимфоциттердің түзілу процесі (лимфоцитопоэз) жүретін шеткі қантүзу мүшесі.
Лимфа бездерін сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Ол коллаген талшықтарынан, аздаған эластин талшықтарынан және миоциттерден құралған. Дәнекерүлпалық қапшықтан лимфа түйіндері ішіне тарала енетін дәнекерүлпалық перделікгер бір-бірімен торлана жалғасып, лимфа түйіндерінің негізін (стромасын) құрайды. Олардың аралықтарында лимфа түйінінің негізгі қызметтерін атқаратын оның паренхимасы орналасады. Паренхиманың негізін ретикулалы ұлпа құрайды. Лимфа бездері сыртқы — қыртысты заттан, ішкі — бозғылт заттан және осы заттардың аралығындағы — қыртысмаңы (паракортикальды) аймақтан тұрады. Қыртысты затты лимфобласттардан, макрофагтардан, дендритті жасушалардан және лимфоциттерден түзілген лимфа бездеріі және қапшық пен бездер аралығындағы шеткі қойнау құрайды. Бозғылт затты перделікгер, орталық қойнаулар, лимфоидты ұлпадан құралған жүмсақ баулар түзеді. Қыртысмаңы аймағын перделікгер, аралық қойнаулар мен төменгі лимфа бездері және жұмсақ баулар құрайды. Шеткі, аралық және орталық қойнаулармен ретикулалы ұлпа арқылы лимфа сүзіле ағып, механикалық және биологиялық тазартулардан өтеді. Лимфа бездерінде фагоцитоз арқылы бөгде заттар жойылады, Т-және В- лифоциттер, иммунды денелер түзіледі. Лимфа түйіндері организмдегі қорғаныс және қантұзу қызметтерін атқарады.[2]
Лимфа бездерінің көп сандысы бүкіл денедегі лимфа тамырларына жалғанған. Олар В және Т жасушаларын қамтыған лимфоциттердің негізгі тораптары. Иммундық жүйе функциясының дұрыс болуында Лимфа бездерінің маңызы зор, ол апасыела рак жасушалары бар бөтен бөліктерді сүзумен болады; бірақ лимфа бездерінің уқайтару (detoxification) функциясы жоқ.
Лимфа жүйесінде лимфа бездері екінші реттік лимфоидты орган болып табылады. Лимфа безі талшықты капсулаға оралған болып, ол сыртқы қабық пен ішкі медулладан құралады.
Лимфа түйіндері ұсақ фарингиттен қатерлі ісікке дейінгі дерттерден қабынады, немесе ұлғаяды. Лимфа бездерінің жағдайы қатерлі ісік кезеңінде өте маңызды есептеледі, сол бойынша қандай емдеу әдісін қолдануды және қалай болжам жасауды белгілейді. Лимфаденопатия (лат. Lymphadenopathy) - ұлғайған немесе ісінген бездер ауруы. Лимфа бездері қабынған немесе ұлғайған кезде қатаюы немесе босауы мүмкін.
Шеткі лимфа бездері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шеткі лимфа бездері — шеткі иммунитет органдарының бірі. Ол лимфаны кұрамында бөтен антигені бар ткандардан алады. ШЛБ не В-лимфоциттер жілік майынан, ал Т-лимфоциттер тимустан түседі де біріншісі қыртыс кабатында (тимус тәуелді емес аймақ), екіншісі паракортикалді (тимус тәуелді) аймақта орналасады. Иммундық жауап кезінде тимус тәуелді аймақ ұлғаяды. Фолликулаларда көбею орталықтары дамиды, олардың маңайында плазмалық торшалар пайда болады.[3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Swollen glands NHS inform (ағыл.). Тексерілді, 4 сәуір 2020.
- ↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9
- ↑ Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X
|