Леон (Испания)
Леон (ис. León) — Испаниядағы қала, аттас провинцияның әкімшілік орталығы. Халық саны 2013 жылғы санақ бойынша 130 601 адамды құрады. «Киелі Яков жолы» бағдарына кіреді.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Б.з.б 29 жылы римдік VI Жеңістік легион (Legio VI Victrix) әскерлері лагері ретінде құрылған. Б.з 74 жылы VII Қос легионның лагерімен сыйыстырылған. Леонның қазіргі атауы — Legio («легион») латын тілінен туынды. Қала Империяның соңғы кезеңінде осы легиондардың штаб-пәтері болған, сондай-ақ жақын маңда өндірілетін алтынмен саудалау орталығы болып та қызмет атқарған. 540 жылы қала вестготтардың королі Леовигильдпен басып алынды, ал 717 жылы — маврлармен жаулап алынды. Дегенмен ол Реконкистаның барысында қайта алынған қалалардың бірі және 742 жылы Астурия патшалығының бөлігіне айналды. Ақырында аттас корольдіктің астанасына айналды.
- 988 жылы [ Самора] мұсылмандармен ойпандалған. Қиян-кескі шабуылдан кейін мұсылмандар Леонға баса-көктеп кірген. Граф Гонсало Гонсалестің басшылығында христиандар, көрсеткен ерліктеріне қарамастан барлығы талқандалды.
Көрікті орындары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Бернесги өзенінің жағалауында, Сан-Маркос көпірінің түбінде орналасқан Сан-Маркос алаңы
- Санто-Доминго шіркеуі
- Сида гүл бағы
- Романдық Сан-Исидро базиликасы
- Леон соборы
- Епископий сарайы
1979 жылы Леон университеті құрылған. 2005 жылғы мәліметтер бойынша 13 мың студент саналады.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Мэрия
- Вебкамера
- Тағы бір қалалық сайты Мұрағатталған 17 мамырдың 2012 жылы.
- Қазіргі заманғы өнер мұражайы Мұрағатталған 26 қазанның 2018 жылы.
- Туристік жол көрсеткіш