Мазмұнға өту

Күнзе

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Күнзе
Егістік күнзе
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Apiales
Тұқымдасы: Apiaceae
Кіші тұқымдасы: Apioideae
Тайпасы: Coriandreae
Тегі: Coriandrum
Карл Линней
түрлері

12 түрі белгілі

Күнзе, кориандр (лат. Coriandrum) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.


Жерорта т. маңында кездесетін 2 түрі белгілі. Қазақстанда қолдан өсірілетін 1 түрі – мәдени күнзе (С. satіvum) бар. Оның биіктігі 30 – 70 см, тамыры жіңішке, жіпше иретіліп жатады. Сабағы қатпарланған. Төменгі жапырақтары тұтас немесе үшке бөлінген, ал жоғарғылары – қауырсынды тілімденген. Тостағанша жапырақшалары үш бұрышты тісті, күлтелері ақ түсті, екі қалақты. Гүлдері дара жынысты, 10 – 15 гүлі бірігіп, шатырша гүлшоғырын құрайды. Шатыршалары 4 – 5 сәулелі. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жеміс салады. Жемісі шар тәрізді домалақ. Жас бұтағын дәм-татымдық ретінде (кинза) тағамға қосады. Күнзенің жемісінің құрамында 1,18% эфир майы бар. Жемісін қайнатқаннан кейін эфир майының құрамында 18%-дай жоғары сапалы май пайда болады, оны сабын қайнатуда пайдаланылады. Майын бөліп алғаннан кейінгі күнжарасы құнарлы мал азығы ретінде малға беріледі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақ энцклопедиясы”