Кіші айыркөл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Кіші айыркөлТорғай және Өлкейек өзендерінің суайрығындағы сор алқабы. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Дүкен ауылының шығысында 17 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 90 м биіктікте жатыр.

Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 18 км-ге созылған, енді жері 5 км. Көктем айларында Өлкейек өзенінің сағасындағы ұсақ көлшіктерден жылғалар ағып, кіші айыркөл сорына құяды. Сор алқабының басым бөлігі батпақты. Жазда кеуіп, топырағы тұзды сортаңға айналып, құнарсызданады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Энциклопедиясы