Котлет
Котлет— еттен, балықтан, үй құстарының, сондай-ақ аң мен еті жете жарамды жабайы құстардың етінен, ет тартқыштан өткізіп, пияз қосып, қуырып, бұқтырып, су буына пісіретін тағам. Котлеттер қоспасыз таза, жаншылған және туралған еттен жасалған болып бөлінеді. Қоспасыз таза және жаншылған котлет жасау үшін мал ұшасының ең жұмсақ еті, сондай-ақ үй құсының және аң мен жабайы құстың төс еті қолайлы. Туралған еттен котлет жасағанда ірі қара мен қойдың, шошқа ұшасының және құстың жілік етін пайдаланады. Әдетте, балық консервілерін сүйегі аз балықтардың (нәлім, жайын және басқа балықтардың жон еті) етінен жасайды. Көкөніс котлеттерін піскен картоптан, қырыққабат пен сәбізден немесе асханалық қызылшадан, жарма котлеттерін — пісірілген күріштен, соктен, ұнтақ және арпа жармасынан дайындайды. Қоспасыз таза, жаншылған және туралған еттен жасалған котлеттерге қуырылған немесе қайнатылып пісірілген картоптан, картоп езбенен, көк бұршақтан, макарондардан, сусымалы ботқадан гарнир әзірлейді және көкөністердің ор түрінен құралған гарнирлерді де қосып береді. Ал балық котлеттеріне гарнир қайнатылып пісірілген картоптан, езбеден, буға пісірілген күріштен жасалады. Көкөніс пен жарма котлеттерін дастарқанға гарнирсіз қояды, бірақ соус немесе сары май қосып береді. Жармадан жасалған котлеттерді тәтті тағам ретінде де пайдаланады, ол үшін оған ваниль қосып, көкөністерден жасалған тәтті соустар, кисель мен қайнатпа қосып ұсынады.[1]
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |