Клоун

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Клоун (ағылш. clown, лат. сolonus – орашолақ, дөрекі) – цирк артисі, гротеск, буффонада тәсілдерін қолданатын комедиялық кейіпкер. 16 ғ-дағы ағылшын пьесасының күлдіргі кейіпкері, ебедейсіз, қолапайсыз шаруа жігіті “Клоун” деп аталған. Клоун рөлдері, негізінен, дәулеттілер мен ақсүйектерді келемеждейтін дөрекі әзіл-оспаққа құрылды. 17 ғасырда Клоундар тек пантомима және балағандық ойын-сауықтар көрсеткен. Кейін цирк аренасында күлдіргі көріністерді орындаушы қуақы Клоун деп аталатын болды. Клоун, көбінесе, бүкіл бағдарламаны демеп, ұластыру мақсатын атқарады. Қазіргі цирктерде күлдіргі Клоун (шикіл сары Клоун, ақ Клоун), машықтандырғыш Клоун, акробат Клоун, т.б. болып бөлінеді. Қазақ циркінің белгілі Клоундары халықарлық фестивальдардың лауреаттары М.Жұмағалиев, Қ.Қасымжанов, В.Карп, М.Мұмырғанов, т.б. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8