Мазмұнға өту

Кисловодск

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

КисловодскРесей Федерациясындағы қаласы, Ставрополь өлкесі, «Кисловодск курорт-қаласы» қалалық округінің әкімшілік орталығы. Кавказ Минералды Сулары экологиялық-курорттық аймағының құрамына енеді. Демалыс орындары саны бойынша, Ресейдің Сочиден кейінгі екінші орын алатын бальнеологиялық және климаттық курорты. Кисловодск аймағында үш мыңнан аса емдеу-демалу орындары бар.

Қала өзінің атауын бүкіл әлемге әйгілі «Нарзан»(аудармасы: кабардиннің«Нарт санэ» - «Батырлар шәрбаты») көмірқышқылды суының арқасында алды.

Қала Ставропольден 234 км қашықтықта, Минералды Сулар(Минеральные Воды) бекетінен 64 км қашықтықта, Үлкен Кавказ жотасының солтүстігінде теңіз деңгейінен 750-1200 метр биіктікте орналасқан. 1803 жылы орыс әскери бекінісінің негізінде іргесі қаланды. Өзінің ірге тасының қалануы мен атауы бойынша қала Нарзан қышқыл минералды суының бастауларына қарыздар.

Кисловодск Ставрополь өлкесінің оңтүстігінде, Эльбрус тауынан 65 км жерде, Қарашай-Шеркес және Қабарда-Балқар жерлерімен шектесіп жатыр.