Мазмұнға өту

Кенгурулар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Кенгурулар
Қазбалық ауқымы: 28–0 Ma Late Олигоцен to Recent
Macropus rufogriseus
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Ықшам табы: Қалталылар
Сабы: Қос күрек тістілер
Кіші сабы: Macropodiformes
Тұқымдасы: Macropodidae
Джон Эдуард Грей, 1821
Туыстары

Кенгурулар (лат. Macropodidae) - қалталы сүтқоректілер тұқымдасына жататын жануар.

15 – 17 туысқа бірігетін 55 түрі бар. Кенгурудың дене тұрқы 25 – 160 см, құйрығының ұзындығы 15 – 105 см (кейбір түрінде өте мықты болады), салмағы 1,4 – 90 кг. Көпшілік түрі секіріп қозғалады, жүгіргенде жылдамдығы 50 км/сағатқа дейін жетеді. Австралияда, Жаңа Гвинеяда, Тасманияда, Бисмарк архипелагында таралған. Көптеген түрі шөбі қалың, бұта өскен жазық аймақтарда жүреді, кейбір түрі ағашқа жақсы өрмелейді, таулы жерде де кездеседі. Топтанып жүреді, өте сақ жануарлар. Өсімдікпен қоректенеді, бірақ кейбір түрі құрт, жәндікті де жейді. Жылына 1 рет 1 – 2 күшік туады да, оны бауырындағы қалтасына салып, 6 – 8 ай асырайды. Көп тараған жерде мал жайылымына, егінге зиян келтіруі мүмкін. Терісі мен еті және хайуанханалар үшін ауланады. Алматы хайуанаттар саябағында алып (исполин) кенгуру бар. Кенгурудың 9 түрі қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген.[1]

Кенгурулар - қалталы сүтқоректілер тұқымдастары. Ұзындығы 25-160 см, құйрығы, 15-105 см, салмағы 1,4-90 кг. Артқы аяқтары, алдыңғыларынан ұзын және күшті. Бірінші саусағы жоқ, екіншісімен үшіншісі тері жарғағымен біріккен. Бала шығаратын дорбасы алға қарап ашылған, қарны күрделі, көп камералы. Күйіс қайырады. Жерде тіршілік ететін жануарлар, бірақ кейбір түрлері ағашты мекендейді. Құйрығын тенгергіш ретінде қолданып, сағатына елу шақырым жылдамдықпен секіріп жүреді, (13 м ұзындыққа дейін). Өсімдікжегіштер. Жылына бір рет табатын тұқымын 6-8 ай бойы дорбасында ұстайды. Көптеген түрі ауланады. 9 түрі Қызыл кітапқа енгізілген.[2]

Кенгурулердің үлкен төрт түрі белгілі, олар – қызыл кенгуру, бөкен тәрізді кенгуру, шығыстық сұр кенгуру және батыстық сұр кенгуру. Осылардың ішіндегі ең үлкені – қызыл кенгуру.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Балалар энциклопедиясы
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3