Кейнсшілдік
Кейнсшілдік (ағылшынша экономисі әрі публицисі Дж. Кейнстің есімімен) – экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу қажеттігін жақтайтын экономикалық саясат. Дж. Кейнс – қатаң баға белгіленіп монополияландырылған экономиканың заңдылықтарын тұңғыш зерттеуші. Ол нарық тетіктерінің құдіретті емес екендігін‚ жұмысқа жарамды халықтың жұмыспен толық қамтылмауы және өндірістік қуаттардың жұмыс істеуі жағдайында тепе-теңдіктің (тепе-тең шаманың) орнатылуы мүмкін екенін көрсетті. Ол және оның ізбасарлары дағдарыстар және сылбыр шаруашылық жағдаяты (конъюнктурасы) кезеңдерінде орнықты экономика өсуді және жоғары деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін ағылшын үкіметіне экспансиялық қаржы саясатын (мемлекеттік шығысты ұлғайтып‚ салықтарды төмендету) және несие-ақша саясатын (айналыстағы ақша санын көбейту) жүргізуді ұсынды. Оның пікірінше‚ мемлекет жұмыссыздық пен инфляцияның өсуін жою мақсатында‚ экономика саясатқа араласып‚ оны жүргізуге‚ сұранымның жалпы шамасына ықпал етуге тиіс. Идеяның мәнісі сұранымның көлемін ұлғайта отырып‚ жұмыссыздықтың көбеюін жоюға‚ ал оны қысқарта отырып‚ инфляцияның өсуін болдырмауға болады дегенге саяды. [1]
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |