Катана
Катана (жапон. 刀) — жапон екі қолмен ұстауға арналған, жүзі 60 см-ден асатын cемсері. Қазіргі жапон тілінде катана деп барлық қылыштарды атай береді. Катана—қытай иероглыфының жапонша оқылуы 刀; сино-жапондық оқылуда (онъёми) — бұл сөз «басы иілген бір жүзді семсер» деген мағынаны білдіреді. Жүзінің иілгені мен өткір ұшы онымен түйреу соққысын жасауға мүмкіндік береді. Жеңілдігіне (1-1,5 кг) қарамастан, тұтқасының жоқтығы бір қолмен семсерлесуді өте қиындатады.
Даму тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Катана XV ғасырда татидің(жапон 太刀) дамуының әсерінен пайда болып, XIV ғасырдың (ерте Муромати кезеңі) соңына дейін самурайлардың ұлтық қаруы ретінде қолданыста болды. Негізінен дайсёдан (жапон. 大小. «үлкен-кіші») мен қысқа вакидзасиден (жапон. 脇差, қытай. 小刀 сёто. «кішкентай қылыш»).
Катана көп жағынан ертедегі мяо дао семсеріне құсайды. Нағыз жапондық катананы ширату сызығынан (хамон, жапон 刃文): бұл сесерге өзгеше соғу мен ширату әдістері қолданылады, және тұтқасынан (цука, яп. 柄): мал терісмен қапталып, жібек матамен оралған(кейде жай ғана былғарымен), білуге болады. Қатты ағаштан ойып немесе піл сүйегінен жасалған сапты семсер тек шерулік шараларда қолданылады. Катананың жүзі ең аз дегенде екі болат сортынан жасалады: негізіне арналған тұтқыр сорттан және кесуге арналған қатты сорттан. Бұл екі қабат жүзді соғу алдында дәнекерлеу мен балқыту әдістерімен әбден тазартылады.
Семсерді ұстау тәртібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Катану мен вакидзасиді әрқашан сол жақтағы қынапта, арнайы оби белдігінде ұстайды. Бұл семсерді тағу әдісі қоғамдық жерлерде тағуға арналды, XVII ғасырдың басында Сэнгоку кезеңіндегі соғыстар аяқталған уақыттан бастап қолданылды. Ол кезде қару тағу соғыс мұқтаждығынан гөрі салт ретінде қаралды. Самурайлар үйге кірерде катананы белдіктен алатын еді. Олар мүмкін шабуылдан сақтанып семсерді сол қолында ұстаса,енді бірде сенім белгісі ретінде оң қолда ұстады. Отырғанда катана едендегі қол жететін жерге қойылды, ал вакидзасе самураймен әрдайым бірге болды. Катананы көшеде ұстау әдісі косираэ аталды. Егер семсердің керегі болмаса оны ағаштан жасалған сирасаяда сақтады. Ол семсерді тот басудан қорғады.
Ерте Муромати кезеңіне дейін тати деп аталатын ұзын семсер самурайлардың басты қаруы болып келді. Ол қынапсыз тағылды. Бірақ XIV ғасыр соңынан бастап оның орнын катана баса бастады. Катананың қынабы болып, белдікке жібек баудың(сагэо) көмегімен бекінді. Татимен бірге танто қанжары тағылса, катанамен вакидзаце тағылды.
Дайындалуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Катана дайындау көп бөлімдерден тұрды және көп уақыт алды, тіпті бірнеше ай уақыт кетті. Алдымен тамахаганэ сортының болат түйірлерін бірге пешке салып, cазды ерітіндіге салып, оған алтын септі. Бұл металдан қоқысты(шлак) алу үшін керек болды, саз бен алтын оны өздеріне тартып алатын. Бұдан кейін болат түйірлерін біріктіру қыздыратын. Одан соң алынған болат блогын балғамен ұрып, одан кейін тағы да жапырады және бүктемелейді, осылай қабаттардың санын көбейтеді (10 рет--1024 қабат, 20 рет—1048576 қабат) Осыдан кейін көмірқышқыл газы әр жерге бірдей тарайды және осының әсерінен жүздің қаттылығы да біркелкі болады. Бұдан соң тамахаганэ болаты блогына семсер үлкен күш түскенде сынбас үшін жұмсағырақ болат қосады. Бірнеше күнге созылатын соғу процесінде блок ұзарып, әр түрлі қаттылық тағы қабаттарда семсердің құрылымы түзіледі және бастапқы семсердің кескіні шығады. Енді бұған қызып кету мен қышқылдар әсерінен қорғау үшін сұйық саз жағылады. Келесі соғу кезеңінде якибой(қатты бөлік) мен хирадзи(жұмсақ бөлік) арасында хамон пайда болады. Осыдан кейін болат шыңдау мен тегістеуден кейін семсер бейнесіне енеді. Шыңдау кезінде әр металдың өзіндік қасиетіне температура көтеріліп, бірден суытылады, осының әсерінен белгілі бір композиттің атом құрылысы өзгеріп, өте қатты мартенсит күйіне өтеді. Одан кейін семсерге сұлба берілген соң өткірлеуші әр түрлі түйіршіктегі тастар көмегімен өткірлеу мен шыңдау процестерін өткізеді. Осы кезде ұста беттің тегістігі мен бұрыштардың туралығына ерекше көңіл бөледі. Өткірлеу соңында ұста өте кішкентай тас-пластиналармен жұмыс жасайды. Кейде ұшталмаған және жүзі жоқ жерлеріне әсемдеуші кескіндер салынады. Тағы да біраз күн тегістеулер мен әдемі сап жасауға кетеді. Осылардың бәрінен кейін катана дайын болады.
Семсерге қолданылатын болат
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жапондық семсерлердің барлығы рафинирленген болаттан жасалыды. Оған ұсталар темір ұнтағын пайдаланады. Оның ерекшелігі темірдегі сегрегацияны тудыратын күкірт пен фосфордың аз болуында еді. Темір ұнтағы жоғарғы температурада тазаланып, өте таза болатты алуға мүмкіндік береді. Ертеде бұл процесс татара пешінде жасалған. Өте таза және бетінде біркелкі тараған болатты алу үшін олар ерекше әдісті қолданған. Бұл әдіс өз нәтижесіне сай өте қиын болған. Одан кейін жоғарыда айтылған жапыру мен бүктемелеу әдісі қолданыды.
Балқыту кезінде болат газдар әсеріне ұшырап, салмағын жоғалтты, сонымен қатар бұл қышқылдану болаттағы көмірқышқыл газының мөлшерін де азайтатын. Бұл процессті қадағалау үшін балқыту кезінде тағы басқа да көмірқышқыл газының мөлшерлері әртүрлі құймалар қосылды. Көптеген осындай біріктірулерден кейін болаттың өте жұқа қабаттары пайда болды, бұның жүздің мықтылығына толық әсері болды.
Бұл әдістердің барлығы өте ұқыптылқпен орындалды және барлығы да қадағаланды. катаналар құрамында 95,22 дан 98,12 % дейін темір, 15 % көмірқышқыл газы болды және кремний де қосылды. Осыған байланысты семсер қаттылыққа ие болды. Ол кездегі катаналарда шикізаттың қай жерден алынғанына байланысты мыс, марганец, вольфрам, молибден секілді металлдар да болды, титан да кездесті.
Құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұсталар өткір, шыдамды, өткірлігін ұзақ уақыт жоғалтпайтын, таттанбайтын және сынбайтын семсер жасағысы келді. Олар тек мартенситтің жоғары көрсеткішін, яғни қатты және өткірлігін ұзақ уақыт жоғалтпайтын, бірақ шыдымды емес семсер немесе керісінше, жұмсақ, тез жүзі қайтатын семсер жасай алды.
Бұл мәселені олар көпқабатты болат жасау арқылы шешті. Мысалы, қатты жүз бен майысқақ негіз тұтқыр және жүзі көп уақыт бойы қайтпайтын семсер жасауға мүмкіндік берді. Осындай комбинациялар барлық жоғарыда айтылғандарды қамтымасады, біраз мүмкіншіліктерге жол ашты. Кейде қысқа жүзді қанжарлар бір ғана болаттан сортынан жасалды(мономатериал).
- Мару — құрылымдар ішіндегі ең арзаны. Әдетте танто мен ко-вакидзаси жасауға қолданылды. Бір ғана болат сортынан тұрды. Ерекше шыңдауды керек етпеді.
- Кобусэ — жеңілдетілген семсер құрылымы. Арзан болғандықтан ЕД соғысы кезіне дейінгі қақтығыстарға кеңінен қолданылды.
- Хонсаммаи — кеңінен қолданыста болған құрылым. Екі беті орташа қаттылықтағы болат пластиналармен күшейтілген. Жүзінің екінші бетінің шыңдалмағаны оған қаттылық беріп тұрады. Өте шыдамды.
- Сиходзумэ — хонсаммаиға ұқсас құрылым. Ерекшелігі жүзінің екінші жағы қатты қабатпен қорғалған.
- Макури — Ортасы жұмсақ, алсырты қатты қабатпен қапталған жеңілдетілген құрылым.
- Вариха тэцу — қарапайым, икемді құрылым.
- Орикаэси саммай —хонсанмаи құрылымының біраз дамыған түрі.
- Гомай — негізі қатты болаттан және оны қаптаған жұмсақ қабттан, соңғы сыртын қатты қабат қаптайтын ерекше құрылым.
- Сосю китаэ — ең қиын құрылымдардың бірі. Жеті болат қабаттарынан тұрады. Масамунэ атты ұста жасаған.
Семсерде кездесетін ақаулар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Семсерді соққаннан немесе дұрыс емес шыңдағаннан болатын ақаулар көп. Олардың кейбірі семсерді қолдануға жарамсыз етсе, бірі жөндеуге келеді немесе/және тек заттың сыртқы бейнесін бұзады. Бұл ақауларды ажырата алған дұрыс.
Көп кездесетін ақаулар:
- Карасунокути (からすのくち). Жүздегі сынық немесе шытынаған жері. Егер сынық жүз ортасымен параллель өтсе, ол жүздің қатты шыңдалған мен жұмсақ шыңдалмаған аймағын екіге бөледі, сөйтіп семсерді жарамсыз етеді.
- Синаэ (撓え). Семсердің сәл қисайған жерінде материалдың сапасыздығынан туындайтын маңызды емес ақау. Негізінен шыңдалмаған аймаққа перпендикуляр жерде туындайды. Ескермеуге де болады.
- Фукурэ (膨れ). Балқытқан кезде семсер денесінде қалып кеткен көмір немесе күл кейін түсіп, семсердің сапасы мен сыртқы келбетін бұзады.
- Кирикоми (切り込み). Семсердің артқы жағындағы тойтару кезінде пайда болған ойық. Маңызды ақау емес. Ол ойықты қайрау кезінде кетіруге болады.
- Умэганэ (埋め金). Ұстаның кей ақауды жасыру үшін істеген жамауы. Бұны қайрау кезінде пайда болған семсердің ішкі қабатын жасыру үшін де жасалады.
- Хагирэ (はぎれ). Хамонда пайда болған кетік. Сонымен қатар семсердің қатты иілуі әсерінен де болатын микроскопиялық сынық. Негізінен бұл ақау қауіпті емес және жақсы білінеді.
- Хакоборэ (刃毀れ).. Жиі сынық тудыратын дөрекі цилиндрлі ойық.
- Хадзими (はじみ) .Семсер көп қайрау әсерінен беткі жылтырнан айрылған жері. Көп кездесетін, бірақ қауіпті емес ақау.
- Ниой гирэ (匂切れ). Семсердің шыңдалған және шыңдалмаған аймағының шекарасында белгілі бір пішіні болмауы (бірақ шыңдау дұрыс жасалған) немесе шыңдалу сызығы семсердің белгілі бір аймағында жоқ(бұл аймақта шыңдалу дұрыс жасалмаған).
- Мидзукагэ (水影). Өткір шеттегі қарайған аймақ. Себебі қайтадан шыңдау мен қайтадан салқындату болуы мүмкін.
- Синтэцу (心鉄) («металл жүрегі»). Көп рет қайрау әсерінен болады. Миллиметрдің бірне ондаған бөлігіндей жуандықтағы семсердің беткі беті белгілі бір жерде түсіп қалады да, семсердің ішкі қабаты көрініп қалады. Бұл кезде семсердің «шаршағандығын» айтады.
- Цукарэ (疲れ) ( «шаршаған»)(суретте көрсетілмеген). Көп қайраудың әсерінен «арықтаған» семсер. Егер семсер көп колданылса, оны көп қайрайды, ал сол кезде қайрау материалды «жейді». Оны болдырмау үшін қайраумен қатар тегістеу де қатар жүргізіледі. Бұл семсердің сұлбасы мен үйлесімділігін сақтайды.
Толық жиынтығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өткірлегеннен кейін семсердің қынабы(сая) мен сабының(цука) магноли ағашынан жасалуымен семсердің толық жиынтығы дайын болады. Қынабы көлденең қимада сегізбұрышты, сопақ немесе эллипс тәрізді болуы мүмкін. Сап накагоға мэкуги арқылы бекітіледі. Ол үшін накагоға әдейі саңылау(мэкуги-ана) жасалады. Қынаптың жүз кіретін саңылауы (койгути) мүйіз немесе сүйекпен көмкеріледі. Егер қынап пен сап тек семсерді сақтау үшін керек болса оларды безендірмейді(сирасая, «ақ қынаптар»).
Толық құрамада(косираэ) қынап лакталады. Кейде мал терісі(самэ) қолданылып, оюланады. Қынап сыртына тесігі бар қапсырма(куригата) қапсырылады, оған семсерді бір қалыпта ұстап тұратын бау(сагэо) байланады. Бау жібектен, теріден, жүннен жасалуы мүмкін. Әскери семсерлерде оны кездейсоқ қынаптан шығып кетуінен сақтайтын арнайы фиксатор болуы мүмкін. Фути, мэнуки мен касира әдетте бірдей өрнекпен безендіріледі. Катана осы бөліктерден тұрады:
- Ха—өткір шеті
- Хабаки—бекіту жалғастырғышы (жүз олай-бұлай қимылдамас үшін)
- Касира—саптың бас жағы
- Коигути—қынаптың жүз кіретін жері
- Моно-учи/ути—соғатын шегі
- Муне—жүздің өтпейтін түбі
- Накаго—жүздің негізі
- Мэкуги—Накагоға сапта бекінетін бамбук істік
- Сагэо—жіп
- Сайя/сая—қынап
- Цуба—гарда
- Цука—сап
- Синоги—жүздің жоны
- Ха мати – Ханың шеті
- Хамон – шыңдалу сызығы
- Боси – ұшындағы шыңдалу сызығы
- Екоте – жүзді бөлетін сызық
- Дзи-ада - жүзі
- Ицу - Кодзукаға (пышақ) арналған жырашық
- Когай - көпсалалы ілгіш немесе Увари-Маси (сөрешелер)
- Киссаки - ұшы
- Кодзири – қынаптың ұшы
- Ко-синоги – жүздің ұштағы қыры
- Куригата – Сагэоға арналған ілмек
- Мунэ мати – Мунэнің шеті
- Мэи – Накагодағы жазу (ұстаның аты, соғылған жылы, т.б.)
- Мэкуги-ана - отверстие для штыря
- Мэнуки – саптың өрнегі(сән үшін)
- Нагаса – жүздің толық ұзындығы
- Накаго-дзири –Накагоның ұшы
- Ниои/Ниэ - мартенсит бөліктері(үлкені—Ниэ , кішкентайы—Ниои)
- Самэ – сапты қаптайтын мал терісі
- Ситотомэ –Куригатаға арналған саңылау
- Сори – иілген жері
- Сэпа - тығырық
- Фути – саптың жалғастырғышы
- Цука-ито – сапты орайтын бау
- Синоги-дзи – жүздің тегіс жері
- Яки-а (или Яки-ха) – жүздің шыңдалған жері
- Ясури-мэ - Накагодағы егелген кертіктер
Семсер күтімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Катана күтімі негізінен оны тазалаудан тұрады. Оған түрлі құралдар қолданылады.
- Ойықтар мен кетіктерді қайрақ тастармен тегістейді.
- Қышқылы жоқ күріш қағазы көмегімен кір мен ескі май(қаламапыр мен шайшөп майы қолданылады) сүртіледі. Қағазды қолданбас бұрын оны мыжу керек, олай етпесе семсердің жүзін тырнауы мүмкін.
- Дақ тиген семсерді ізбес көмегімен тазалауға болады. Ол тазалайтын және жылтырататын қасиеттерге ие.
- Семсерді тазалағап болғаннан соң, оны қайта майлайды. Бұған да күріш қағазы қолданылады. Майды өте жұқалап, жұқа қабықша түзетіндей жағу керек. Артық майды да алып тастау керек, өйткені оған шаң-тозаң жиналып, семсер бетін тырнауы мүмкін. Негізі 1-2 тамшы май жеткілікті. Бұл рәсімдауа ылғалдығына байланысты үш айда бір рет жасаған абзал.
- Кез келген семсерді өз бөліктеріне бөлуге болады. Ескі семсерлерді ажырата бөліп, таттанған жерлерін тазалауға немесе басқа да іс-әрекеттерді жасауға болмайды, онымен мамандар айналысқаны дұрыс.[1][2][3][4]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ uazone.net
- ↑ lurkmore.to(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ [ http://bik1972.narod.ru/index/0-47 narod.ru]
- ↑ katori-khv.ru