Мазмұнға өту

Касситтер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Касситтер[1] (аккадша кашши) – ежелгі тайпалар тобы. Ертеректе Батыс Ирандағы Загрос таулы өңірін, қазіргі Луристан территориясын қоныстанған. Кейбір тарихи деректерде олар кашши, коссей, кассий деп те аталады.
  • Этностық шығу тегі анық емес. Зерттеушілердің кейбірі оларды күрдтердің ерте заманғы ата-бабалары деп топшылайды.
  • Біздің заманымыздан бұрын 1741 жылы Әмір Гандаш бастаған касситтер Вавилонға басып кіріп, біздің заманымыздан бұрын16 ғасырдың бас кезінде оны түгелдей жаулап алған. Вавилонды біздің заманымыздан бұрын 15181204 жылы касситтер династиясы билеп төстеді.
  • Кейін келе дербестігін, тілін жоғалтып, вавилон тілін, мәдениетін қабылдап, семиттеніп кеткен.
  • Аккадтардың жазбаларында касситтер тілінің жүз шақты ғана түбір сөзі сақталған. Касситтер тілі элам тілімен туыстас деген неміс ғалымдары Г. Кюзинг пен Ф.Деличтің болжамы бар. Ирандағы касситтер туралы соңғы дерек оларды Александр Македонский талқандаған кезге жатады.
  • Архитектурасының бізге жеткен ескерткіші – біздің заманымыздан бұрын15 ғасырда қаланған Уруктегі (Оңтүстік Ирак) Караиндаш патшаның ғибадатханасы.

Дереккөздер:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том