Камерун жанартауы
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Камерун жанартауы, Африканың Гвинея шығанағы жағалауындағы жанартаулық алқап. Абсалюттік биіктігі 4070 м. Басты шыңы – әрекетті Фако конусы (соңғы атқылауы 1959 жылы болды). Трахи-базальт аралас лавалық қабат жыныстарынан түзілген. Беткейлері көлбеу келеді және оларда бүйірлік конустар мен кратерлер көп. Камерун жағалауының батыс, оңтүстік-батыс беткейлері – Африкадағы жауын-шашынның ең көп жауатын (10 мың мм-ге жуық) жері. Етегінде экваторлық орман, орта биіктікте тау орманы, жоғарғы белдеуінде тау шалғыны өседі.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |