Мазмұнға өту

Калевала

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

“Калевала” (Kalevala) – карел-фин халқының эпосы. Балтық жағалауындағы финн тайпаларында пайда болып, кейінірек карел халқына тараған. “ Калевала” бірнеше жырлардан тұрады. Алғаш зерттеп, оның тұтас жыр екендігін анықтаған және біріктіріп (1835 жылы, 32 жыр; 1859 жылы, 50 жыр) бастырған Э.Ленрот (1802 – 1844) болды. “ Калевала ” эпосында халыққа гүл, егін егуді үйреткен ақылды Вяйнямейнен, шебер ұста Ильмеринен, ер жүрек батыр Лемминкяйнен, өз қожасы көрсеткен азапқа төзбей, күш жұмсауға көшкен Куллерволар арқылы карел-финн халқының тарихы мен салт-санасы, арман-мүддесі бейнеленді. “ Калевала ” орыс, ағылшын, неміс, француз, швед, жапон, т.б. халықтардың тіліне аударылған.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том