Иінді Білік
Иінді Білік – қайталамалы-ілгерілемелі немесе теңселмелі қозғалысты айналмалы қозғалысқа (не керісінше) түрлендіретін бір не бірнеше иінді (бунақты) білік. Иін негізгі мойыннан және онымен жалғасқан шатундық мойыннан тұрады. Негізгі мойын өз осінен айналса, шатундық мойын сол осьті айнала қозғалады. Шапшаң жүрісті қозғалтқыштарда иін мен шатунның айналу моментін теңгеру үшін шатундық мойынға қарсы жағынан қосымша салмақ бекітіледі. Иінді білік көміртекті не легирленген болаттан жасалады, көбінесе, тұтастай, кейде құрама бөлшектерден тұрады. Иінді білік поршеньді қозғалтқыштарда, насостарда, компрессорларда, т.б. пайдаланылады.
Иінді Білік[1] - түпкі, өстес, шатундық мойындарының өсі біліктің айналу өсінен ауытқып орналасқан, кривошипті-шатунды механизм.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |