Иондауыш камера
Иондауыш камера, иондау камерасы - жұмыс әрекеті зарядталған бөлшектер ағынының газды иондауына негізделген бөлшектер детекторы. Иондауыш камера газбен не ауамен толтырылған электр конденсаторы түрінде құрастырылған. Оның электродтарына потенциалдар айырмасы түсіріледі. Электродтар арасындағы кеңістік Иондаушы камераның жұмыстық көлемі деп аталады. Жұмыстық көлемдегі газға иондауыш бөлшектер түсірілген кезде, электродтар арасындағы кеңістікте газдың электрондары мен иондары түзіледі. Олар электр өрісінде қозғала отырып, электродтарға жиналады. Сөйтіп камера тізбегінде электр тогы пайда болады және ол тіркегіш құрылғымен өлшенеді. Иондаушы камера ең көне едетектордың біріне жатады. Оны өз тәжірибесінде ағылшын физигі Э. Резерфорд да (1871-1973) қолданған. Әдетте, иондаушы камера екі электроды (жазық, сфера не цилиндр) бар, қандай да бір газбен толтырылған, герметикалы жабық ыдыс түрінде жасалып, оның электродтарына 100-1000 В кернеу түсіріледі. Иондаушы камераның көмегіне не иондалу нәтижесінде пайда болған электрондар мен иондардың жасайтын ток күші (токтық иондаушы камера) не иондау тогы өткен кезде омдық кедергісі жоғары резисторда пайда болатын кернеу ипульсі (импульстік иондаушы камера) өлшенеді. Бәріне де параллель жазық электродтары (дискілері бар) иондаушы камера қарапайым болып келеді.
Цилиндрлі Иондаушы камера
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Цилиндрлі Иондаушы камераның электродтары екі коаксиал цилиндрден тұрады. Онда электродтың біреуінің рөлін жермен жалғастырылған иондаушы камераның қорабы атқарады. Ал сфералық Иондаушы камера екі сферадан (ішкі электроды, кейде, стержнь түрінде болады) құралады.
Иондаушы камераның қолданылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Иондаушы камера өзінің қарапайымдылығына байланысты, әсіресе, дозиметрияда, сондай-ақ, үдеткіштер мен ядролық реакторлардың жұмысын бақылауда, ғарыштық сәулелерді зерттеуде, т.б. әлі де қолданылып келеді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Ұлттық Энциклопедия. 4 том. ISBN 5-89800-157-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |