Иоанн Воротнеци
Иоанн Воротнеци (1315—1386) — армян философы, педагог. Гладзордағы (қазіргі Арм. ССР-і Ехегнадзор ауд.) жоғары мектепте оқыды. 1345 ж. Татевада ун-тін ашты. И. В-дің көзқарасының қалыптасуына Аристотель ілімінің прогресивті жағы зор ықпал етті. И. В. Аристотель «Категория» және «Түсіндірме беру жайындағы» Порфирийдің «Аристотельдің «Категориясына» кіріспе» атты шығарма-ларына түсіндірме берді. С. Аревшатян И. В-дің ілімінде сенсуалистік және материалистік нышанның бар-лығын атап көрсетті. И. В-ше, таным түйсіктен басталады, ал түйсіктің өзі реалды денемен салыстырғанда туын-ды болып табылады. Жалпылық (тұқым, түр) дегеніміз — жекеліктен дерексіздену. Ол жекелік пен оның көпшесі бар жерде ғана болады. Жекелік жалпылыққа қарағанда маңыз-дырақ, жекелік жалпьшықсыз жойыл-майдьі, ал жалпылықтың өзі болуы үшін жекеліктің болуы қажет.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |