Зауролофус
Көрініс
Зауролофус — басының артқы жағынан шығып тұратын 13 см сүйекті өсіндісі бар үйректұмсықты динозавр. Бұл өсінді танау тесігін жауып тұратын теріге бекітіліп тұрған. Оны динозавр дыбыс шығару үшін немесе айбат көрсету мақсатында пайдаланған. Өсінді үрленіп отырған болуы мүмкін. Зауролофустың ұзындығы — 9–12 метр. Сүйір құйрығы, қып-қысқа алдыңғы аяқтары, үш тұяқты артқы аяқтары, тіссіз тұмсықтан тұратын жылпақ басы, ұрт қалталары және тығыз орналасқан жүздеген ұрт тісі болған.
Қызықты дерек
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Зауролофус бұдан шамамен 70-74 миллион жыл бұрын кейінгі Бор дәуірінде өмір сүрген.
- Зауролофустың табылған қаңқа сүйектері толық сақталған.
- Соның арқасында ғалымдар диозаврды жетік зерттей алды.
Мәліметтер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қорегі : өсімдіктер
- Салмағы : 3 тонна
- Тұқымдас : Гадрозаврид
- Отряд тармағы : Орнитопод [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы