Жұпаргүл
Жұпаргүл | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
40 түрі белгілі | ||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||
|
Жұпаргүл (лат. Origanum) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Еуропада (негізінен Жерорта теңізі жағалауында) және Батыс Азияда кездесетін 20-дан астам түрі белгілі. Қазақстанда далалық, таулы аймақтардың шалғындарында, орман шеттерінде, бұталар арасында, тасты, тастақты тау беткейлерінде өсетін 2 түрі (киікшөп Жұпаргүл, көкбас Жұпаргүл) бар. Бұлардың биіктігі 30 – 80 см, тік сабақты, сыртын түк жапқан өсімдік. Жапырақтары ұзынша жұмыртқа тәрізді, безді-түкті, жиегі тілімденген. Гүлдері ұсақ, қызғылт немесе қызғылт қошқыл түсті, қалқанды-сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі – ашық қоңыр түсті, домалақ жаңғақша. Өсімдіктің құрамында эфир майы, илік заттар және аскорбин қышқылы бар. Кептірілген гүлі мен жапырақтары емдік мақсатта қолданылады. Жапырақтарын дәм-татымдық мақсатта тағамға және арақ-шарап өндірісінде пайдаланады. Балды өсімдіктер. Мал жемейді.[1]