Жұлдыз атмосферасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Күн тұтылуы кезінде хромосфераның қызғылтым аймақтары және тәж анық көрінеді

Жұлдыз атмосферасыжұлдыздың сыртқы қабаты. Ол өзі бірнеше деңгейден тұрады.

  • Фотосфера — жұлдыз атмосферасының төменгі қабаты, көрінетін жарық осы деңгейден шығарылады, сондай-ақ мұнда дақтар түзіледі. Фотосфераның температурасы 5770-5780 K аралығында болады.[1]
  • Одан жоғары хромосфера қабаты орналасады, оның температурасы 10 есе артық болады. Мысал үшін, Күнде хромосфераның қалыңдығы 10 000 шақырым құрайды.
  • Одан кейін қалыңдығы небәрі 100 шақырым болатын аралық қабат орналасады, онда температура күрт өсе бастайды.[2]
  • Қатты қызған плазмадан құралған тәж — ең ыстық қабат, оның температурасы бірнеше миллион К құрайды. Тәж негізгі тізбек жұлдыздарының бәрінде бар, бірақ алып және аса алып жұлдыздарда анда-санда ғана кездеседі.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. 5.1 Magnetic fields in the visible photosphere // Sun, earth, and sky — 2nd. — Springer. — P. 81. — ISBN 978-0-387-30456-4.
  2. The solar transition region — Cambridge University Press, 1992. — P. 60. — ISBN 978-0-521-38261-8.