Жердің жасы
Жердің жасы - Жердің дербес планета түрінде қалыптасуынан бергі аралықта өткен уақыт мөлшері. Жер қыртысына тән ең көне таужыныстарды және жасынтас (метеорит) кесектерін радиологиялық зерттеу н2тижелері бойынша Жердің жасы шамамен 4,5—4,6 млрд жыл деп шамаланады.
Жердің магниттік өрісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жердің ұдайы магниттік өрісті иемдену қабілеті, оны дербес планета ретінде сипаттайтын қасиеттердің бірі. Синонимі: геомагниттік өріс.
Жердің ұлғаюы туралы жорамал
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жер планетасының геологиялық уақыт тұргысынан даму процесі оның өз көлемін ұлғайтуымен ұштаса өрбиді деп есептейтін жорамал. Бұл жорамалға сәйкес, планета көлемінің уақыт өткен сайын ұлғая беру мүмкіндігі екі бағытга жүзеге асуы мүмкін: 1) планета көлемінің бірте-бірте ұлғаюы оның массасының да бірте-бірте өсуімен орайлас; бұл жағдайда планета көлемінің ұлғаюына тигізер "сырт денелердің" (жасынтастар, "ғарыш шаңдары" және т.б.) әсерімен қатар, гравитациялық энергияның материалдық массаға айналу мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды; 2) Жердің дамуы барысында оның массасы онша өспейді, алайда планетаның ішкі өңіріне тиесілі затгар тығыздығының бірте-бірте босаңси түсуі оның көлемдік ұлғаюына әкеліп соқтырады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығьшьщ лауреаты А.Қ.Қүсайьшов — Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1, ӀSВN 9965-16-512-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — геология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |