Жануарлардың қорғаныш бейімділігі
Навигацияға өту
Іздеуге өту
ЖАНУАРЛАРДЫҢ ҚОРҒАНЫШ БЕЙІМДІЛІГІ– жеке организмнің тіршілік үшін күресте сақталуына, ұрпақ қалдыруына әсер тигізетін морфол., физиол. және этиол. ерекшеліктері. Морфол. қорғаныш бейімділігі – бүркеніш реңнің барлық түрі, жануарлардың пішіні, жауынан қорғану органдары, т.б. Кейбір организмдердің лимфасы, қаны, терісі улы болуы, жағымсыз иіс (қандала, көптеген қоңыздар, құндыз, т.б.), улы зат шығаруы, денесіне қоректік зат жинап, қысқы-жазғы ұйқыға кетуі – физиол. бейімділігін көрсетеді. Жануарлардың жауынан қашуы, жасырынуы, балаларын қорғауы жауына ұсталып қалған кезде құйрығын, аяғын үзіп кетуі, сондай-ақ қорқытатын дауыс, ысылдау не пішінін өзгертіп айбат шегуі – этиол. бейімділігін көрсетеді.