Мазмұнға өту

Жабайы шомыр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жабайы шомыр

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
Сабы: Brassicales
Тұқымдасы: Brassicaceae
Тегі: Raphanus
Түрі: R. raphanistrum
Екі-есімді атауы
Raphanus raphanistrum
Карл Линней

Жабайы шомыр (лат. Raphanus raphanistrum) – орамжапырақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік.

Биіктігі 10 — 70 см, жапырақтары жалпақ, кезектесіп орналасқан. Гүлі сары немесе ақ, жемісі — бұршаққын. Жаз бойы және күзде гүлдейді. Жаздық егістікте, тыңайтуға қалдырылған жерлерде көбірек өсетін арамшөп. Жабайы шомыр өспеу үшін астық тұқымын тазалайды, егіс алмастырылады, күздік қарабидай егіледі. Жабайы шомыр тұқымы пісіп жетіле бастаған кезде улы болады. Жас жабайы шомырды мал жақсы жейді, оны сүрлемге қосуға болады. Негізінен шикілей пайдаланылады, пәлегі малға беріледі. Жабайы шомырдың құрамында 1,58% қант, 1,92% болок, С витамині 20-25 мг%, минералды тұздар, ферменттер бар.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Raphanus raphanistrum