Мазмұнға өту

Егер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Егер (маж. Eger) — Мажарстанның солтүстігіндегі қала. Халық саны 56 317 адам (2005 жылғы халық санағы бойынша). Бұл жерлерді халықтар көне заманнан бері мекендейді.

Орта ғасырдың ерте кезеңінде ауданды герман тайпалары мекендеп, кейін оларды аварлар ауыстырады. X ғасырда қала венгрлердің қарамағында өтеді. XIV-XVI ғасырларда қала жақсы дамып, Матьяша Корвиннің кезінде көптеген зәулім ғимараттар салынып, қала маңында жүзім өсіру мен шарап жасау жақсы дамыды.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қала басқа қалаларға қарағанда аз зардап шекті. Бұл қаладағы көптеген археологиялық ескерткіштердің сақталуына себеп болды. Қазіргі таңда қала туристік орталықтардың бірі. Мажарстандағы танымал, Гезой Гардони жазған «Егера жұлдызы» атты роман 1552 жылғы Егер қамалының қорғанысы жайында жазылған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]