Дәмжапырақ
Дәрімжапырақ | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||
|
Дәмжапырақ немесе Лавр (лат. Laurus) - Лавр тұқымдасына жататын субтропикалық мәңгі жасыл ағаштар не бұталар тегі. Көбіне Жерорта теңізінің жағалауынан таралған. Мәңгіжасыл, бұтақты өсімдіктерге жатады. Гүлдері ақ түсті, ұсақ, ерекше әдемі емес, жапырақтары қатты, қабықты болып келеді. Дәмжапырақтың жапырақтары ежелден Грекия елінде жеңістің, даңқ пен ұлылықтың белгісі ретінде жоғары бағаланады. Оның құрамында эфир майы, цинеол, капрон, сірке қышқылы бар. Табиғатта өсетін дәмжапырақты көптеген ауруларды емдеуге қолданады. Отанында табиғатта өссе, Қазақстанда дәмжапырақтың Laurus nobilis деген түрін үй жағдайында өсіреді. Жапырағының ұзындығы 10 см. Тәбет ашатын қасиеті үшін, жапырақтарын тағамға қосады. Көктем кезінде гүлдейді. Гүлінің түсі ақ, алтын түстес. Күтімі өте жеңіл, шыдамды, ауруларға шалдыға бермейді. Ағаш секілді үлкен болып кететіндіктен, сабақтарын кесіп, бойының биіктігін белгілі бір қалыпта сақтауға болады.
Биологиялық сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жапырағы кезекті орналасқан, қалың, беті жылтыр. Гүлі ұсақ ақшыл сары, шатыр тәрізді гүл шоғырына жинақталған. Жемісі қара көк, бір тұқымды.
Жарығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жарық және алакөлеңкелі жерде де өсе береді.
Жылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қыста температура 12-15 °C - дан төмен болмағаны дұрыс.
Суғарылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қыс кезінде сирек, жаз бен күз аралығында мол суғарады.
Ылғалдылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жапырақтарына күнделікті су бүркіп тұрған жөн.
Қоректендірілуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көктем және жаз айларында арнайы тыңайтқышпен айына бір рет қоректендіру қажет.
Аурулары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жапырақтары шаң болып кетсе, зиянкестерге шалдығуы мүмкін.
Көбейтілуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тұқымы, қалемшесі, өскіндері арқылы көбейтуге болады[1]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ "Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727.