Мазмұнға өту

Дзюцу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Чакра

Дзюцу (術, "Техники") – Наруто әлеміндегі барлық шинобилардың ортақ техникаларының жиынтығы. Бұл техникаларды қарапайым адамдар қолдана алмайды.

Чакра дегеніміз шинобидің денесіндегі өзі бөліп шығара алатын ішкі энергиясы.Чакраның қолданып дзюцу техникаларын жасайды. Мысалы:судың беткі бетінде аяқпен жүру.

Чакралар табиғатына байланысты бес түрге бөлінеді.Олар:жер،от،найзағай،жел және су элементтері.

Әр шинобиге 1-2 элемент тән, 3 элементке ие болу өте сирек кездеседі. Қосалқы элементтер бірнеше негізгі элементтердің қосындысы. Мысалы лава, бу, ағаш стихиялары. Қосалқы элементтер негізінен мұрагерлік жолмен беріледі.

Дзюцу түрлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Гендзюцу (幻術, "Иллюзия техникасы") - шинобидің чакрасын тікелей қарсыласының миына қолдана алатын техника түрі. Мұндай техника қарсыласының сезім мүшелерін жалған иллюзияға сендіріп, психолигиялық шабуыл жасайды.Наруто әлемінде бұл дзюцумен Учиха кланы әйглі.

Ниндзюцу (忍術, "Ниндзя техникасы") - Чакраны қолданатын барлық техникалардың ортақ атауы. Ниндзюцу адамға мүмкін емес заттарды істеуге мүмкіндік береді. Бұл техниканың Гендзюцудан айырмашылығы адамның іс-әрекеттері ойында, қиялында емес шын өмірде болады. Бұл техниканы орындау үшін адам қолымен арнайы іс-қимылдарды жасауы тиіс. Бірақ, кейбір техника түрлері қолдың көмегінсіз жасалына алады.

Тайдзюцу (体術, "Дене техникасы" немесе "Жақын ұрыс") Бұл техниканы қолданушылар қарсыласын жарақаттау үшін денесін қолданады немесе дене күшін пайдаланады. Бұл техника ұшін қолдың іс-әрекеттері қажет емес, бірақ шиноби өз дененің чакрасын басқарып отыруы қажет.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Нарутопедия(қолжетпейтін сілтеме) Дзюцу