Мазмұнға өту

Джо Кальзаге

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Джо Кальзаге
ағылш. Joe Calzaghe
Суреті
Жалпы мағлұмат
Толық есімі

Джозеф Кальзаге (ағылш. Joseph Calzaghe)

Лақап аты

Уэльс мақтанышы (ағылш. Pride of Wales)
Италия айдаһары (ағылш. Italian Dragon)

Азаматтығы

 Ұлыбритания

Туған күні

23 наурыз 1972 (1972-03-23) (52 жас)

Туған жері

Хаммерсмит, Англия, Ұлыбритания

Тұрғылықты жері

Ньюбридж, Уэльс, Ұлыбритания

Салмағы

екінші орта (76,203 кг дейін)

Тұрысы

солақай

Бойы

182 см

Қолдың қарқыны

185 см

Кәсіби карьерасы
Алғашқы айқасы

1 қазан 1993 жыл

Соңғы айқасы

19 сәуір 2008 жыл

Айқастар саны

46

Жеңгендер саны

46

Нокаутпен жеңгені

32

Жеңілгендер саны

0

Қызметтік тізімі (boxrec)

Джо Кальзаге (ағылш. Joe Calzaghe; 23 наурыз 1972, Хаммерсмит, Англия, Ұлыбритания) — британдық кәсіпқой боксшысы. Екінші орта салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. 2-ші орта (WBO тұжырымы, 1997— 2008; IBF тұжырымы, 2006; WBC тұжырымы, 2007— 2008; WBA тұжырымы, 2007— 2008) салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы.

Кәсіпқой мансабы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1993 жылы қазанда алғашқы айқасын өткізген. Кальзаге барлық айқастарын Ұлыбританияда өткізген. 1997 жылы қазанда суперорта салмақта иесіз WBO белбеуі үшін айқаста танымал боксшы Крис Юбенкты тізе бүктірді. 1997 жылдан 2002 жылға дейін көптеген боксшыларды, онымен қоса жеңіліс көрмеген Марио Файта мен Чарльз Брюерды жеңіп өзінің атағын қорғап қалған.

28 маусым 2003. Джо Кальзаге —Байрон Митчелл

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Өткен орны: Интернэшнл Арена, Кардифф, Уэльс, Ұлыбритания
  • Нәтиже: Кальзаге 12 раундтық айқастың 2 раундында техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
  • Статусы: 2-ші орта салмақтағы WBO белбеуін қорғау. (Кальзагеның 13-ші рет қорғауы)
  • Рефери: Дэйв Пэррис
  • Салмақ: Кальзаге 75,70 кг; Митчелл 76,20 кг
  • Трансляция: Showtime

2003 жылы маусымда Джо Кальзаге Байрона Митчелла қарсы рингке шықты. 2-ші раундта Митчелл солжақ жанынан соққы жасап Кальзагеның жағына соққысын өткізді. Кальзаге мансабында тұңғыш рет нокдаун алды. Ол бірден аяғынан тұрды. Митчелл британдықты төпелей жөнелді. Кальзаге қарымта шабуыл жасап қарсыласын нокдаунға жіберді. Митчелл көтеріле алды. Енді керісінше Кальзаге төпелеуге көшті. Ол бірнеше тура соққылар жасаған соң, Митчелл есеңгіреп барып арқанға сүйеніп қалды. Рефери айқасты тоқтатты.