Джон Браун
Джон Браун (9 мамыр 1800 — 2 желтоқсан 1859) — американдық аболиционист, партизан соғысында және сол соғысты құлдыққа қарсы мақсатта қолдаған алғашқы ақ аболиционисттердің бірі.
Алғашқы жылдар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Джон Браун родился 9 мамырда Торрингтонда туған. Ол Оуэн Браун (1771—1856) және Рут Миллстің (1772—1808) екінші ұлы болды. Атасы атақты капитан —Джон Браун (1728—1776). Кей жылдары ол американ революциясына қатысып, Клавдий Смитпен (1736—1779) бірге түрмеде (ашыққан британ әскеріне ірі қара мал ұрлағаны үшін отырған) отырған Джон Браун деген азаматпен теңестіріліп жүрді. Алайда бұл мұндай дерек Браун отбасының хронологиялық деректерінде немесе Браундармен туыстық қатынаста болған Хамфри (аболиционист Джон Браунның ана жағынан әжесі) отбасының жазбаларында да кездескен емес. 1857 ж. Джон Браунның автобиографиялық жазбасында оның атасы және оның бірінші әйелінің атасы Континенталды армияда әскери қызмет еткен. Бұған дәлел ретінде 1883 жылы жазылған Браунның атасының есімі аталатын «Хафри отбасы Америкада» атты кітапты атай аламыз.
1805жылы отбасымен Огайо штатына көшіп барып, Хадсон қаласына қоныстанды. Мұнда Браундар отбасы малшаруашылығымен айналысты. Осында тұратын индейцтермен Браундар отбасының қарым-қатынасы жақсы еді. содан Оуэн Браун теріден тон, ішіктерді дайындаумен айналысыты.
Джон Браунға 12—13 жас толғанда, әкесі оны өзінің орнына табыншы қызметіне армияға жіберді. 1812]]-1815 жылдардағы Ағылшын-америка соғысы аяқталған соң Джон үйіне қайта оралып, мектепке түсуді көздеді. 16 жасында Плейнфилд қаласына жол тартты. -1815 годов окончилась, Джон Браун вернулся домой и решил поступить в школу(Массачусетс). Артынша ол Личфилдтегі академияға(Коннектикут) ауысты . Джон конгрегационалист дін қызметкері болғысы келді, бірақ оның ақшысы таусылып қалған еді. Сонымен қатар, оның көзі нашарлап, осылайша ол қайтадан өзінің үйіне Огайоға қайтуға мәжбүр болды. Огайода ол өзінің Леви деген ағасымен бірге тері илейтін жеке шеберхана ашты.
Есею жылдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1820 жылы 21 маусымда Браун Дайэнти Ласкқа үйленді. Олардың алғашқы сәбиі — Джон-кіші 13 ай өткен соң туған. 1825 жылы көктемде Брау отбасымен бірге Ричмонд қаласына жақын орналасқан Кроуфорд қаласына көшіп барды(Пенсильвания). Осында Джон ауданы 200 арк (800 000 м²-ден көп) болатын жер телімін сатып алды. Ол жердің сегізден беріне үй, сарай және тері өңдейтін шеберхана салды. Содан соң 15 адамды жұмысқа жалдады. Баю мақсатында Джон ірі қара мал межеваниемен айналысқысы келді. Алайда бұл жоспары еш нәтиже бермей, Джон пошта тасушы болып жұмысқа тұрды. Қиыншылықтарына қарамастан Джон негрлерге арналған мектеп ашқысы келді. Бұл ісіне жергілікті басшылық барынша кедергі жасады. 1831 жылы Браунның балаларының бірі қайтыс болды. Сондай-ақ, Браун науқастанып қалды. Оның үстіне қарыздары өсуін тоқтатқан жоқ. 1832 жылдығ жазында жаңадан туған баласы қайтыс болған соң, көпұзамай қызы Дайэнти ми қабынуына қаза тапты. г. один из его сыновей умер. Браун заболел, а его долги всё росли. Осы уақытта Браунның үйі ақ негрлерге пана болды. Олардың қатары Нат Тернердің төңкерісінен соң толыса түскен еді. 1833 жылдың 14 маусымында Браун он алты жасар Мәри Энн Дэйге (1817—1884) үйленді. Нәтижесінде олардың он үш баласы болды. Алғашқы некесінен жеті баласы болды.
1836 жылы Браунның отбасы Огайодағы Фрэнклин Миллске көшті. Онда Браун жер алу үшін несие алды. Алайда бұл жоспары 1837 жылғы дағдарыстың кесірінен сәтсіздікке ұшырап, тіпті қамауға алынғанкездері де болды. дегенмен Браун қол қусырып отырған жоқ. Себебі оның отбасын асырауы үшін және қарыздарын төлеуі үшін қаражат керек болды. Нәтижесінде, ол ірі қара мал мен қой жүнін сатумен, тері илеу, жылқы, қой бағумен күнелтті. Алайда сонша еңбегіне қарамастан, Джон Браун 1842 жылы 28 қыркүйекте банкрот болды. 1843 жылы оның төрт баласы жұқпалы іш ауруынан қайтыс болды.
Қарулы күрес
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1855 жылы Канзаста құлдыққа қарсы фермерлер мен құл иеленушілердің арасында қарулы күрес болды. Барун күреске өзінің бес ұлымен қатысты. Соғыс айласын жақсы пайдаланған Браун қарақшыларды қырып салды.
Джон Браун аболисционисттер мен негрлердің құлдыққа қарсы күресінің жүріп жатқанына қарамастан, құлдықтың әлі де болса үстем екендігіне көзі жетті. Сонымен қатар, Браунның есебі бойынша құл иеленушілерді қарудың көмегінсіз жеңуге болмайтынын түсінді. Нәтижесінде Браун құлдардың жалпы көтерілісін ұйымдастыруды көздеп, бас ұйтқысы болуға бел буды.
Сонымен Браун өзінің жақтастары мен ұлдарын қосып алып, сондағы құлдардың санасын ояту мақсатында және оларды көтеріліске жұмылдыру үшін құл иеленушілердің аумағына рейд ұйымдастырды.
Потаватоми тұсындағы қиян-кескі ұрыс
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Канзаста және сол кезде АҚШ заңдарымен өмір сүретін азаматтық тұрғындарға қарсы екі бірдей көтеріліске қатысқан еріктілерді басқарып отырған Браун қоғам назар тез аударды. Джон Браун 1856 жылы 24 мамырда Потаватомидегі шабуылды басқарды. Өзінің аз ғана жасағымен түнде Канзастағы Потаватоми-Крик елді мекеніне шабуыл жасады. Кезінде бұл мекеннің ақ тұрғындары аболисционизмі жақтаушыларға зәбір көрсетіп, кейбірін өлтіргендігі белгілі болдыҮлгі:Нет АИ. Браун және оның жасағы үй-үйге адасып жүрген жолаушылар кейпінде еніп, сол үйдің адамдарын аямастан өлтіре берген. 1856 жылы 24 мамырда көршілес Миссури штатында 11 құлды босатты.
Харперс-Ферридегі арсеналды шабуылдау әрекеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Джон Браунның әйгілі әрекеті болып ,1859 жыл-дың 16 қазан- да Харперс-Ферри (қазіргі таңда Батыс Виргинияның қалашығына шабуыл жасауы болды. Браун жауынгерлерге басшылық ете отырып (оның ішінде өзінің үш ұлы болған) 100 мыңнан аса қаруы бар үкіметтік арсенал орналасқан қалашықты басып алды [1] . Браун қаланы екі күн бойы ұстап тұрды. Оның жасағы 22 адамнан – ақтар мен негрлерден құралды. Бірқатар себептерге байланысты [2] әрекет сәтсіз аяқталды. Арсенал федералды әскер және полктармен қоршауға алынды. Джон Браун өзінің әрекетін құлдардың жалпы көтерілісіне белгі болады деп сенді, бірақ шабуыл әрекеті қажетті деңгейде дайындалмаған еді. Құлдар көп жағдайда дайындалып жатқан рейд жайлы ештеңе білмеген еді. Қолдаусыз қалған Браунның жасағы арсенал көзінше өрт сарайында қорғанды. Ол қоршалды және мыңнан аса адам мен тұрақты әскерден құралған құлиеленушілердің жасағымен шабуылданды. Тәулік бойы жасақ батырлықпен шабуылға төтеп берді. Тіпті дұшпандар Браунның ерлігі мен тұрақтылығына таң қалды. Қамауға алынған және өрт сарайында болған плантатордың айтуы бойынша: «Браун өлген баласының жанында тұрды және жарақаттардың әсерінен қаза болғалы тұрған екінші ұлының тамыр соғысын тексерді . Екінші қолына қару ұстап ол қатыгездікпен бұйрықтар бере бастады, өз адамдарын сейілтті». Көтерілістің барлық қатысушыларының ішінде тек аз ғана адамдар аман қалды.
Сот, жаза және оның салдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тұтқындаудан кейін бір апта өткен соң Чарлстонда сот болды. Джон Браунды сот залына зембілмен алып келді, өйткені ол ауыр жарақаттанған және жүре алмайтын халде еді. Сот Браунды дарға асу жазасына кесті. Сотта Браун өзінің соңғы сөзінде былай деді:
«Мен бірнеше сөз айтуға тиіспін. Біріншіден, өз еркіммен мойындаған сөздерден басқа сөздерді, яғни қара нәсілділерді босату жөніндегі менің ойымнан басқаның бәрін жоққа шығарамын. Мен мұның бәрін өткен қыста Миссуриге барып, ол жерден ешбір қарусыз құлдарды шығарып, құлдарды бүкіл ел арқылы жүргізіп, оларды Канадада қалдырғаным секілді бейбіт жолмен шешкім келген еді. Мен тап осындайды жасағым келген, тек үлкен масштабта. Мен ойлаған нәрсе міне осы. Ешқашан мен өлтіру жайлы, сатқындақ жасау жайлы, мүлікті талқандау жайлы ойластырған емеспін...
Інжіл мені мен қаламайтын нәрсені адамдарға жасамауым тиіс екенін үйретеді. Сондай-ақ, ол мені «құрсауда жатқандарды, сен солармен бірге жатқандай есте сақтауға » үйретеді. Мен осы ілімге сүйене отырып әрекет жасауға тырыстым... Мен, менің әрекеттерім... дұрыс болғанына сенімдімін».[3]
Джон Браун чарлстон түрмесінде 42 күн болды. Ол отбасына жазды: «Мен өлімді, ұлы христиандық республика барлық құқығынан айырған, миллиондаған адамдар үшін қуанышпен қабылдаймын». 1859 жылдың 2 желтоқсанында оны өлім жазасына кесті. Браун өліммен айтарлықтай ерлікпен қауышты.
Соттағы Браунның батырлық мінез-құлқы, үкім мен дарда өлімді ерлікпен қарсы алуы, американдық халықты бей жай сезімде қалдырмады. Брауынның мына сөздері кең таралды: «Мен, Джон Браун,енді мына күнәхар елдің ұлы қылмысын тек қана қан жуып шаятынына сенімдімін; мен бастапқыда мұның бәріне үлкен қантөгіссіз жетуге болады деп ойлағаным бекер екен...»
Браунның қаза болғаны жайлы хабар Миссуридегі құлдардың ереуілге шығуына себеп болды, бірақ ереуіл қатыгездікпен басылып тасталды.
Идеология
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Джон Браун пуритан-янкилердің ұрпағынан болды. Олар Евангелияға қарағанда Ескі өсиетпен сусындағын. Осы себептерге байланысты Джон Браун ветхий заветтің пайғамбарлары мен жауынгерлерінің ізіне сүйеніп, Аллах қалауын орындау үшін не өзінің, не басқанын өмірін аяған жоқ. Оның басты идеясы – Аллах алдында барлық адамның теңдігі. Джон Браун әйел мен ерлердің теңдігін жақтады. Сонымен қатар ол филосемитизмді жақтаушылардың бірі болды және қара нәсілді американдықтардың мәдениетін пір тұтып, олардың адами құндылықтарын сүйді.
Джон Браун құлдықтың өздігінен тоқтайтына сенбеді. Оны тек күштеп тоқтатуға болатындығын түсінді. Оның жоспары құлдарды қашыртып, ақ құлдардан қарулы жасақ құрып, солардың көмегімен құл иеленушілерге қарсы партизан соғысын жүргізіп отыруға бағытталды.
Браунның бүркеншік есімдері мен лақап аты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Браунның мынадай бүркеншік есімдері болды:
- Браун қарт,
- Капитан Браун,
- Канзастан келген қарт Браун.
Его псевдонимами были:
- Нельсон Хокинс,
- Шубель Морган,
- Айзек Смит.
Ауыз әдебиетіндегі Джон Браунның есімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Джон Браунның есімі және бастысы оның қиын да ауыр өлімі американдықтардың ауыз әдебиетінде кеңінен таралған. «Джон Браунның денесі» атты өлең АҚШ азаматтық соғысының кезінде солтүстік халықтың шабуыл әніне айналды.
John Brown’s body lies a-mouldering in the grave; (3 рет)
His soul’s marching on!
Қайырмасы:
Glory, glory, hallelujah! Glory, glory, hallelujah!
Glory, glory, hallelujah! his soul’s marching on!
He’s gone to be a soldier in the army of the Lord! (3 раза)
His soul’s marching on!
Қайырмасы.
John Brown’s knapsack is strapped upon his back! (3 раза)
His soul’s marching on!
Қайырмасы.
His pet lambs will meet him on the way; (3 раза)
They go marching on!
Припев.
They will hang Jeff Davis to a sour apple tree! (3 раза)
As they march along!
Қайырмасы.
Now, three rousing cheers for the Union; (3 раза)
As we are marching on![4].
Осы әннің әуені кейінрек Республиканың әскери әнұранының негізіне айналды (ағылш. The Battle Hymn of the Republic).
1928 жылы Стивен Винсент Бене «Джон Браунның денесі» («John Brown’s Body») атты эпикалық поэмасы үшін өзінің алғашқы Пулицеров сыйлығын алды. 1969 жылы осы поэманы аударғаны үшін орыс эмигрант ақыны Иван Елагинге Нью-Йорк университетінің докторы атағын берді.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Джон Браун, реферат. // Обучаемся вместе Мұрағатталған 12 мамырдың 2013 жылы.
- ↑ арсеналды алған соң жылдам кету керек болған еді, бірақ, отыз бес күзетшіні тұсауға алып, Браун оларды таңғы аспен тамақтандыру қажет деп есептеп бірнеше адамнан тұратын жасақты азық-түлікке жіберді. Сол уақытта федералды әскер келіп жетті, арсенал қоршалды.
- ↑ http://festival.1september.ru/articles/585767/ Е. В. Лялина. 8-ші сыныптығы лабораториялық жұмыс элементтері бар «АҚШ-тағы азаматтық соғыс және оның қорытындылары» семинары.
- ↑ «We’ll Sing to Abe Our Song»: Sheet Music about Lincoln, Emancipation, and the Civil War, from the Alfred Whital Stern Collection of Lincolniana (Әннің алғашқы нұсқасы).
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Дэвид Рейнолдс «Джон Браун, аболиционист» [David S. Reynolds John Brown, Abolitionist, Knopf]
- Браун. Ғажап адамдардың өңірі