Мазмұнға өту

Гиппократ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет



Hippocrates of Kos

Engraving by Peter Paul Rubens, 1638, courtesy of the National Library of Medicine.[1]
Дүниеге келгені: ca. 460 BC
Kos, Greece
Қайтыс болғаны: ca. 370 BC
Larissa, Greece
Other names Greek: Ἱπποκράτης
Мансабы: Physician

Гиппократ (Ἱπποκράτης) – ежелгі грек дәрігері, көне медицина реформаторы. Ол Ежелгі Грекияның Кос аралында біздің заманымыздан бұрынғы 460 ж. туып, 377 ж. (басқа мәліметтер бойынша 356) Фессалияда дүние салған. Гиппократ Грекияда, Кіші Азияда, Ливияда, сондай-ақ Қара теңіз жағалауындағы сақтар арасында болып, Азия және Мысыр халық медицинасымен танысқан: ол науқасты емдегенде, аурудың пайда болу жолдары мен негізгі даму кезеңдерін анықтау керек екенін айтып, «Адамзатты табиғат емдейді.

Дәрігер – табиғаттың көмекшісі ғана» деген тұжырым жасады, сондай-ақ ауыр халде жатқан науқастың кейпіне сипаттама да берген, оны медицинада «Гиппократ кейпі» (Facіes Hіppokratіca) деп атайды. Гиппократ жараны таңу, буын шығуын және сүйек сынуын, геморройды, т.б. жараны емдеу әдістерін тапқан. «Гиппократ анты» деп аталатын дәрігерлік моральдік-этикалық ант мәтінін жазған. Осы еңбектеріне орай, Гиппократты «медицинаның атасы» деп атайды.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Үлгі:Harvnb
  2. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9