Гидравликалық турбина
Гидравликалық турбина, гидротурбина, сұйықтық ағыны арқылы айналысқа келтіріледі. Жұмыс істеу принципіне сәйкес активті және реактивті турбина, ал құралымына қарай тік және горизонталь Гидравликалық Турбина болып ажыратылады.
Гидравликалық Турбина — судың [потенциалдық потенциалдық және кинетикалық энергиясын электр энергиясына айналдыратьін арнайы құрылғы. Гидравликалық турбинаның жұмысы ағынды су мен қатты дененің өзара әрекеті әсерінен пайда болатын құбылыс негізінде жүзеге асады. Сүйықтықтың жұмыс доңғалағына ену кезіңцегі энергиясы Бернулли теңдеуімен анықталады:
E0=P0/PQ+Z0+V21/2Q
ал одан шыққаннан кейінгі сұйықтық энергиясы мына үлгіде:
E1=P1/PQ+Z1+V21/2Q
сондай-ақ жұмыс доңғалағында пайдаланылатын энергия шамасы келесі формула арқылы есептеледі: A=P0*P1/P+Z0-Z1+(V02-V12)/2
Егер пайдаланылатын энергия П > 0 (нөл) болса, турбина реактивті, П = D жағдайында белсенді деп аталады. Турбина түрлері әрбір жүйеге қатысты: баяу, қалыпты және жүрдек турбина болып бөлінеді. Гидравликалық турбина жүрдектігін негізінен оның жұмыс доңғалағының пішіні мен қалақшасы арқылы аныктайды. Турбиналар жалпы құрылымына, біліктің және доңғалағының орналасу санына байланысты: ашық және жабық; көлденең жөне тік; бір немесе көп доңғалақты турбиналар деп аталады. Ірі гидротурбиналардың жұмыс доңғалағы 1,8 м және одан да көп, куаты 700 МВт дейін. Орташа гидротурбинаның жұмыс доңғалағының диаметрі 2,75 м, қуаты 1—20 МВт аралығында. Кіші гидротурбиналардың жұмыс доңғалағының диаметрі 1,2 м, қуаты 1,0 МВт- тан артық болмайды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |