Мазмұнға өту

Гарнитур

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Гарнитур

Гарнитур (мебель)— белгілі бір мақсатта пайдаланатын бөлмені (жатын бөлмені, асхананы т. б.) жабдықтауға арналған мебель жиынтығы. Ол формасы мен материалына, өңделуіне және түсіне қарай сәйкестендіріп топтастырылады. Әр бөлменің (асхана, кабинет, жатын бөлме т. б.) гарнитурына өзіне лайық заттар енеді. Мысалы, жатын бөлмейнін гарнитуры, әдетте екі кісілік төсектен (немесе қатар қойылған бір кісілік екі төсектен), төсек жанындағы екі тумбочкадан, сәндену столынан немесе айнасы бар тумбадан, көйлек-көншек шкафынан, кішкентай жұмсақ орындықтан немесе банкеткадан тұрады. Гарнитурға енетін барлық жиһаз, тек комплектісімен ғана сатылады.

Шағын пәтердегі (әдетте әрі жатын бөлме, әрі кабинет немесе асхана болатын) бөлмені мебельмен жабдықтау үшін гарнитурдың орнына үй жағдайына қарай топтастырылған мебельді алған ыңғайлы. Мұндай мебельдің гарнитурдан айырмашылығы сол — оған бүкіл пәтерді, сондай-ақ оның жеке бөлмелерін мебельмен жабдықтауға қажетті жиһаздар да енеді. Жиһаздар (гарнитурдың бұйымдары сияқты) формалары, материалы, түсі және өңделуі үйлесімді болуы керек. Топтастырылған мебельдің гарнитурдан ерекшелігі, оның тек қажетті дегенін сатып алуға болады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Шаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы: Қаз. Сов. энцикл. Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9