Виссарион Григорьевич Белинский
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Виссарион Григорьевич Белинский (11.6.1811, қазіргі Финляндия, Свеаборг қаласы — 7.6.1848, Санкт-Петербург) — орыс әдебиетшісі.
Мәскеу университетінде оқыған (1829 — 32).
“Телескоп” (1833), оның қосымшасы "Молва” (1836), “Московский наблюдатель” (1838), “Отечественные записки” (1839) журналдарында қызмет істеген. Студент кезінде “Дмитрий Калинин” драмасын жазған (1830).
- 1831 ж. “Листок” журналында Белинскийдің “Орыс оқиғасы” деген өлеңі мен А.С. Пушкиннің “Борис Годуновына” рецензиясы жарияланады.
- 1833 ж. “Телескопта” француз журналдарынан аудармалары шығады.
- 1833 ж. Н.В. Станюкевичтің үйірмесіне қатысып, Кант, Фихте, Шеллингтің философия жүйелерін зерттей бастайды, кейіннен М.А. Бакунинмен танысып, ол екеуі бірігіп Гегельді зерттейді.
- 1834 ж. Белинскийдің тұңғыш көлемді мақаласы “Әдеби қиялдар” жарық көреді. Осы мақаласынан бастап әдебиет сыншысы ретінде таныла бастады.
Белиский В. — В.Г. Гоголь, М.Ю. Лермонтов, И.А. Гончаров, И.С. Тургенев, Ф.М. Достоевский, А.И. Герценнің, т.б. шығармаларының көркемдік, эстететикалық қуатын алғашқы болып таныды. А.С. Пушкиннің шығармаларын жан-жақты талдап, орыс әдебиетіндегі орнын айқындап берді. Оның негізгі шығармалары қазақ тіліне аударылған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |