Вислава Шымборска

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту


Вислава Шымборска

Вислава Шымборска
Мансабы: Ақын, Сыншы, Аудармашы
Ұлты: Польша
Елеулі сыйлығы(тары): Әдебиеттен Нобель сыйлығы
1996

Вислава Шымборска (пол. Maria Wisława Anna Szymborska; Шілденің 7, 1923, ПровентАқпанның 1, 2012, Краков) — поляк ақыны, Әдебиеттен Нобель сыйлығының жүлдегері (1996).

Оның кітаптары Польшада сатылым жағынан сол жердегі мықты проза жазушыларының кітаптарымен тең түсетін. Сонымен қоса оның олеңдері коптеген Еуропа тілдеріне жане араб, жапон, қытай тілдеріне аударылған.

1931 жылы Шымборсканың отбасы Краковке көшеді. Осыдан бастап оның өмірі осы қаламен тығыз қатысып жатты: осында оқыды, осында қызмет істеді, осында тұрақты тұрғын болып қалды.

1939 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда ол және де осында астыртын мектепте оқытушылығын жалғастыра берді.

1943 жылдан бастап ол темір жол жұмысшысы болып жұмыс істеді, әрі амалын тауып Германияға зорлықты еңбекке әкетілуден құтылып қалды, осы кездерден бастап ол әңгімелер жаза бастады, оқта-текте өлең де жазды.

1945 жж. басында Шымборска Поляк тілі мен әдебиеті мамамандығына үйренді, кейіннен Кракувтегі Ягеллон университетінде Қоғамтану мамандығында білім алды.

1945 жылы наурызда оның тұңғыш жыры «Мен сөз іздеп жүремін»' Dziennik Polski (Поляк күнделігі) ұнжариясында жарияланды. Осыдан кейін оның өлеңдері үнжария мен журналдарда арт-артынан жарық көре бастады.

1948 жылы жұбына жеткен кедейлік себебінен ол оқуын жол ортадан тоқтатуға мәжбүр болды. Сол жылы ол ақын Адам Влодекке тұрмысқа шықты, бірақ 1954 жылы онымен ажырасты. Осы мезгіле ол бір ағартушылық жарым айлық гэзетте хатшы эрі қыстырма сурет түсініктемешіші болып жұмыс істеді.

1953 жылы сталинизм Польшада өріс алғанда ол социализм істеріне белсене араласты, Ленинды, Сталинды, социализм жолын мадақтаған өлеңдер жазды. Сондай-ақ Польша бірлескен жұмысшылар партиясына мүше болды.

1953 жылы ол әдеби шолуды мазмұн ететін Życie Literackie (Әдеби өмір) журналына келді, сонда 1968 жылға дейін тапжылмай жұмыс жасады, сонымен қоса 1968 жылдан бастап жанамалай Lektury Nadobowiązkowe (Мәжбүрисіз оқулық) атымен өзінің кітаптарға шолуын жариялай жүрді де, кейіннен бұл мақлаларды жинақтап кітап етіп шығарды.

Шымборска Француз әдебиетіндегі Барокко үлгісіндегі өлеңдерді, және д'Обиньенің шығармаларын поляк тіліне аударды.

Германияда Шымборска көбінде оның еңбектерін неміс жұртына таныстырған Карл Дедециуспен байланыстырыла аталады.

Сыйлықтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Басты шығармалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Dlatego żyjemy (Тірі жүрудің себебі), 1952
  • Pytania zadawane sobie (Өзіме сұрау), 1954
  • Wołanie do Yeti (Дәуге сыр), 1957
  • Sól (Тұз), 1962
  • 101 wierszy (101 жыр), 1966
  • Sto pociech (Мәңгілік қуаныш), 1967
  • Poezje wybrane (Таңдамалы жырлар), 1967
  • Wszelki wypadek (Мүмкіндік), 1972
  • Wielka liczba (Үлкен сан), 1976
  • Ludzie na moście (Көпір үстіндегі жандар), 1986
  • Poezje: Poems (Өлеңдер), 1989
  • Lektury nadobowiązkowe (Таңдамалылар), 1992
  • Koniec i początek (Айақталу мен басталу), 1993
  • Widok z ziarnkiem piasku (Қиыршықтан күллі әлемге), 1996
  • Sto wierszy - sto pociech (Жүз күлкі), 1997
  • Chwila (Қас қағым), 2002
  • Rymowanki dla dużych dzieci (Кәрі балаға), 2003
  • Dwukropek (Қос нүкте), 2005

Бройгелдің екі маймылы

Түсімде мен маусымдық сынауда екем,
Ал еденде байлаулы екі маймыл,
Арттарында жайнаған ашық аспан,
Толқындайды көп-көңбек теңіз жәй бір.

Адамзат тарихынан сынау беріп,
Мен отырмын, мәңгіріп, басым зеңіп.

Біреуі отыр, көзде мысқыл, міз бақпай,
Ал біреуі салды ұйқыны, шырқатты-ай!
Жауап таппай мен қаңғырған сол сәтте —
Ана шіркін баяу қозғап шынжырын
Жігер беріп, естіртеді сылдырын.


Құлыптасыма

Мұнда жатыр көнешіл ақын айел,
Қойылған үтір секілді.
Жерден мәңгі тыныштық алған ол енді,
Болмасада әдеби топтың төрінде,
Жазбаса да көп өлеңді не түрлі.
Деме оның моласы тым жұпыны,
Алды өзіндік шапағатын — ұқығын:
Мұң сарынмен, кекіргүлем көмкеріп
шақырады қоналқаға үкіні.

Беу, жүргінші, есептеуішіңді қойыныңнан алғайсың,
Шымборсканың тағдыры үшін бір минөт үнсіз қалғайсың.

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Wisława Szymborska