Виктор Вазарели
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Виктор Вазарели (фр. Victor Vasarely, венг. Vásárhelyi Győző; 1906—1997) — француз көркемсуретшісі , сəулетші жəне график, «оп-арт» жанрындағя көркемсуретші, график жəне венгрлік мүсінші. Ол салып кеткен өнерін жалғастырушы, ұлы - суретші Жан-Пьер Ивараль.
Өмірі мен шығармашылығы 1925 ж. — мектеп бітіреді. 1927 ж. — Будапешттегі Польдини-Волькман көркемсурет академиясына түседі. 1928 ж. — Будапешттегі «Мюхели» тігін үйінде оқиды. 1920 жылдардың соңы — Шандор Бортник пен Л. Мохой-Надяның қол астында Баухаузда оқиды. 1930 ж. — үйленіп, Парижге көшеді. 1930—1940 жж. — көптеген француз жарнама агенттіктерінде график жəне суретші болып қызмет атқарады. 1944 — көркемсурет жанрында еңбек ете бастайды. 1947 — «Бель-Иль» кезеңінде дөңгелек жəне эллипстік формалармен жұмыс жасайды. 1948 — Горд қаласына көшеді, «Горд-Кристалл» кезеңінде суретші перспектива мен көлемді кеңістік қалыптастырумен айналысады. 1951 — «Денфер» кезеңі. 1955 — «Сары манифест» атты «оп-арт» бағдарламасын дайындайды; шығармашылығының ең бай кезеңі, архитектоникалық жұмыстармен қатар, кілемдердің нобайларын салып, кино өнеріндегі декорацияларды жасаумен айналысады. 1961 — Аркюльдан Анет-сюр-Марн елді мекеніне көшеді. 1969 — Будапешттегі қолданбалы өнер жоғарғы мектебіндегі профессор атағы берілді. Туған қаласындағы Зичи сарайында Виктор Вазарели мұражайы жұмыс жасайды. Марапаттары мен сыйлықтары 1955 — Көркемсурет сыншыларының сыйлығы, Брюссель; Милан алтын медалі; Халықаралық Венесуэла сурет өнері сыйлығы. 1964 — Гуггенгейм сыйлығы, Нью-Йорк. 1965 — Франция мəдениет министрлігінің жанындағы Өнер жəне Əдебиет орденінің рыцарі атағы берілді. 1965 — Любляндағы VI Халықаралық графика көрмесінің Үлкен сыйлығы; Сан-Паулудағы VIII Биеналле өнер көрмесінің Үлкен сыйлығы. 1965 — Өнер жəне индустрияға қолдау көрсету қоғамының алтын медалі, Париж. 1966 — Жаңа Орлеанның құрметті азаматы атағы берілді (АҚШ, Луизиана). 1966 — I Халықаралық Графика көрмесінің сыйлығы, Краков. 1966 — II Халықаралық эстетика симпозиумының Алтын медалі, Римини. 1967 — IX Токиолық көрмедегі Жапония Халықаралық істер министрлігінің сыйлығы. 1967 — Карнеги институтының көркемсурет саласындағы сыйлығы, Питтсбург (АҚШ). 1968 — «Престиж дю Папир» сыйлығы. 1969 — II Халықаралық Графика көрмесінің сыйлығы, Краков. 1969 — Халықаралық көркемсурет фестиваліндегі бірінші «Алтын палитра», Канн-сюр-Мер (Франция). 1970 — Гордтағы Вазарели мұражайының ашылуы.
Таңдаулы суреттері «Букк» 1953 Брюссель, Хониво жинағы «Донан II» 1951 Копенгаген, Мемлекеттік өнер мұражайы «Оур» 1956 Дания, Крестенсен жинағы «Дарджилинг» 1952-53 Вена, XX ғасыр мұражайы «Иол» 1952-59 Скопье, Қалалық мұражай «Бхопал» 1949 Льеж, Өнер мұражайы «Кандагар» 1951 Нью-Йорк, Соломон Гуггенхайм атындағы қазіргі кезең өнері мұражайы «Бель-Иль» 1949-50 Нью-Йорк, Бетти Парсонс жинағы «Миндоро-II» 1954-56 Париж, Қазіргі кезең өнері мұражайы «Минданао» 1955 Буффало, Оллбрайт-Нокс галереясы «Ондо» 1960 Нью-Йорк, Қазіргі кезең өнері мұражайы «Таймыр» 1958 Роттердам, Бойманс мұражайы «Эридан-III» 1956 Детройт, Өнер институты «Тлинко-II» 1956 Базель, Кқркемсурет мұражайы «Арктур» 1964-65 Нью-Йорк, Хиршхорн жинағы «Бирюза-III» 1965 Амстердам, Стеделий мұражайы «Зетт» 1966 Монреаль, Қазіргі кезең өнері мұражайы «Вега-JG» 1967 Нью-Йорк, Джеймс Г.Кларк жинағы «Сапфир-Z» 1966 Лозанна, Эсселье жинағы «Калота МС» 1967 Кёльн, Людвиг Вальраф-Рихарц мұражайы Дереккөздер