Вестминстер сарайы
Вестминстер сарайы (ағылш. Palace of Westminster, Westminster Palace) — Британ парламентінің отырысы өтетін, Лондон қаласынының Вестминстер ауданында Темзаның жағалауында орналасқан ғимарат. Сарайда 1100 бөлме, 100 баспалдақ және дәліздің үзындығы 5 км-ге дейін созылып жатыр.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ежелгі Торни аралында Вестминстер сарайы алғаш рет Дания, Англия, Норвегия патшасы Ұлы Кнудтың басшылығымен салынған. Ежелден сақталған сарайдың бөлігі - зал, ол Вильгельм ІІ-нің билік етуі кезінде салынған.
Вестминстер сарайы ортағасырларда корольдік резиденцияның негізі болды, сонымен қатар бұл жерде парламент, корольдік жиналыстар, 1265 жылдағы Симон де Монфордың парламенті өткізілді. Ең алғашқы ресми кеңес осы сарайда 1295 жылы өткізілгендіктен, содан бергі Англиядағы барлық жиындар ары қарай да сарайда болатын болды.
Генри VIII билік басында отырғанда, 1512 жылы сарайдың корольдік бөлігінде өрт болды. 1534 жылы Генрих VIII Томас Уолсиден сарайды алып, Уайтхолл деп өзгертіп, оны негізгі резиденциясына айналдырады.
1834 жылы 16 қазанда үлкен өрт болып, сарайд толықтай дерлік өртенді. Тек Вестминстер залы, Қазыналар қамалы, Андеркрофт шіркеуі, монастырь және Әулие Стефан шіркеуі ғана аман қалды. Өрттен кейін, Вильгельм VІ аяқталған Букингем сарайында тұру туралы Парламентке ұсынды, бірақ депутаттар үсынысын қабылдамай, Вестминстер сарайында қалуға шешім қабылдады.
Сыртқы келбеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Вестминстер сарайында үш мұнара бар. Ірісі және олардың биігі - сарайдың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Виктория мұнарасы, биіктігі 98,5 метр; оның құрылысы 1858 жылы аяқталды және сол уақытта ол әлемдегі ең биік құрылымдардың бірі болды. Мұнараның көп бөлігі 15 метр биіктіктегі және мүсіндердің қоршалған Суверен кіре берісінен тұрады. Мұнараның қалған бөлігінде парламенттік мұрағаттар сақталады; олар 12 қабатта орналасқан және 1497 жылдан бастап Парламенттің қабылдаған барлық актілерінің түпнұсқалары, барлығы шамамен үш миллион құжаттар сақталған.
Солтүстік бөлігінде Биг Бен ретінде белгілі Елизавета мұнарасы бар. Ол Виктория мұнарасынан сәл ғана төмен (96 метр), бірақ әлдеқайда жұқа. Ал биіктігі 91 метр Сегізбұрышты орталық мұнара орталық залдың ортасында орналасқан.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Palace of Westminster |