Бөрібұршақ
Көрініс
Бөрібұршақ | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Көпжылдық бөрібұршақ (Lupinus perennis)
| ||||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
Үлгілік түрі | ||||||||||||||||||||
Lupinus albus L. | ||||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||||
200-ге жуық түрі белгілі |
Бөрібұршақ немесе Люпин – бұршақ тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік.
Оныӊ жер шарында 200 түрі кездеседі. Еуропада 3 түрі (сары люпин, жіӊішке жапырақты люпин және ақ люпин) қолдан өсіріледі. Люпин топырақ талғамайды, өйткені тамыр жүйкесі күшті дамыған, топыраққа өте тереӊге кетеді, нашар еритін минералды қосылыстарды жақсы ерітеді және тамырына азот (1 га-дан 200-400 кг) жинайды. Люпинніӊ сабағы тік, бұтағыныӊ биіктігі 1-1,5 м. Жапырағы күрделі, ұзынша. Жемісі - көп тұқымды бұршақ. Пісіп жетілу уақыты 80-115 күн. Люпинніӊ тұқымында вегетативтік органдарында 46% протеин, 15-20% май, А, В, В1, В2, С витаминдері және т.б. қоректік заттар болады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 5 том