Бұлғын өзені

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
 Басқа мағыналар үшін Бұлғын (айрық) деген бетті қараңыз.
Булган гол, Урунгу
моңғ. Булган гол, қаз. Бұлғын өзені
қыт. 乌伦古河
Сипаттамасы
Ұзындығы 725 км
Су алабының
ауданы
35440 км²
Су алабы ағынсыз
Өзендердің
су алабы
Ішкі тұйық Жоңғар ойпаты
Су шығыны ≈44 м³/с
Су ағысы
Бастауы Қаракөл
 • Орналасқан жері Дөчин Уул (қаз. Қырық тау) тауының етегі
 • Биіктігі 3123 м
 • Координаттары 47°19′ с. е. 90°30′ ш. б. / 47.317° с. е. 90.500° ш. б. / 47.317; 90.500 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Үліңгір
 • Биіктігі 470 м
 • Координаттары 46°59′02″ с. е. 87°26′12″ ш. б. / 46.98389° с. е. 87.43667° ш. б. / 46.98389; 87.43667 (G) (O) (Я)Координаттар: 46°59′02″ с. е. 87°26′12″ ш. б. / 46.98389° с. е. 87.43667° ш. б. / 46.98389; 87.43667 (G) (O) (Я) (T)
Еңістігі 0,0076 м/км
Орналасуы
Ел  Моңғолия,

 Қытай

Аймақ Баян-Өлгей аймағы, Қобда аймағы, Алтай аймағы

Бұлғын өзені (моңғ. Булган), Урунгу (қыт. 乌伦古河, Wūlúngǔ hé [1],– Қытайдағы сағасының атауы) — өзенде тіршілік ететін бұлғынның атымен өзен аты қалыптасқан. Координатасы 46.766676, 91.327229. Моңғол Алтайының оңтүстік сілемдерінен бастау алып Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр аутономиялы өлкесінің Іле Қазақ аутономиялық облысы Алтай аймағының Шіңгіл ауданындағы Оронго (Өрөнгө; Урунгу) өзеніне құяды. Оронго өзені Шіңгіл, Көктоғай, Бурылтоғай аудандарының жерімен ағып өтіп Бурылтоғай ауданының Үліңгір көліне құяды. 1969-жылы Үліңгір көлін жанап ағатын Ертіс өзен суын жоғарғы деңгейде сақтау үшін Қара ертіспен Үліңгір көлін канал арқылы қосқан. Соған байланысты ішкі тұйық бассейнге де, Солтүстік Мұзды мұхит алабындағы өзенге де жатқызады. Ал өзендегі балық фаунасына қарағанда ерте дәуірде Солтүстік Мұзды мұхитқа құйып тұрғанға ұқсайды. [2] Өзен алғашында солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталып Қобда аймағының Бұлғынында батыс, батыс-солтүстікке ағады. Өзен суы суық әрі тұщы болып келеді. Өзен табаны тастақты тасты құмқайрақты келеді. Өзен жануарлар дүниесі (фаунасы) жұтаң. Өзенге Ұлақшын, Жолты, Темірті, Нəрін, Ласты сияқты 100-ге жуық өзен бұлақтары құяды.

Бұлғын өзеніннің бір саласындағы шатқал

Бұлғын өзенінің су жинау алабы өзен атына байланысты өлке аты Бұлғын аталады. Өзен биік тау жоталарынан бастау алатындықтан ағысы қатты, көптеген сарқырамалары, шоңғалдары, шатқалдары бар. Өзен алабы қатты тілімденген. Әсіресе екі Бұлғынды жалғайтын шаттың ұзындығы 75 км-ге дейін созылып жатыр. Өзеннің орта және төменгі бөліктерінде өзен ағысы барынша баяулайды. Өзен көктем айларында қардың еруіне байланысты қатты тасиды. Өзен суы соңғы кезде жауын-шашынның азаюынан және мұздықтардың жылдам еруіне байланысты азаю үстінде. Таулық аңғары (2500 м биіктікке дейін) қылқан жапырақты орманды, оң жағы көбіне қарағайлы шабындықты келеді. Өзеннің Моңғолия территориясындағы ұзындығы 250 шақырым . Өзеннің барлық құламасының биіктігі 1900 метр немесе орташа еңістігі 0,0076. [3] Жылдық су шығыны — 1,38 км³. Өзен жағасында қарағай, тал, терек, қызыл қайың сияқты ағаш түрлері өседі. Соңғы кезде ағаштары кесу салдарынан азаю үстінде. Өзен суы негізінен шабындықтарды суару үшін пайдаланылады. Өзенде аса сирек кездесетін құндыз мекендейді. Құндызды сақтау мақсатында моңғолия бөлігінде арнайы қорық құрылған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ulungur river EUdict :: Ағылшынша-Қытайша сөздік
  2. Бұлғын өзені(моңғ.)). Туризм ақпарат орталығы сайты. Тексерілді, 23 қыркүйек 2012.
  3. Моңғолия өзендері(моңғ.)  (ағыл.)). arigsor.mn. Тексерілді, 23 қыркүйек 2012.