Білік

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Білік — адамның белгілі бір құбылыс не күрделі мәселе жөнінде ой жүгіртіп, өзінше пайымдай білу қасиеті.[1]

Білік — машина мен механизмдердің айналдыру моментін жеткізуге және онымен бірге айналатын бөлшектердің айналысын сүйемелдеуге арналған машинаның бөлшегі[1]

Білік - өзі айналып тұратын (әдетте ішпекке кигізіліп), сөйтіп айналдырушы иінді күшті тасымалдайтын машина бөлшегі.[2]

Білік- подшипникке кигізіліп өзі айналып тұратын, сөйтіп айналдырушы иінді күшті тасымалдайтын машина бөлшегі.

Тәуелді қуат алу білігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тәуелді қуат алу білігі - күштік берілістің тіркесін ажыратқан кезде ағытылатын және беріліс қорабының жетекші білігімен тікелей немесе қуат алу қорабы арқылы қосылатын қуат алу білігі.[3]

Тәуелсіз қуат алу білігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тәуелсіз қуат алу білігі -күштік берілістің тіркесін ажыратқан кезде сөндірілмейтін және қозғауыштың білігімен тікелей немесе қуат алу қорабы арқылы қосылатын куат алу білігі.

Толық тіреуішті емес иінді білік

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Толық тіреуішті емес иінді білік- кейбір және көршілес түпкі мойындары арасында екі шатунды мойындар орналастырылған иінді білік.

Қуат алу білігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қуат алу білігі – қозғауыштың айналдырушы иінді күшінің бір бөлігін қосалқы құрал-жабдықтың немесе агрегатталатын машиналардың жетектеріне таратып беретін білік.

Толық тіреуішті иінді білік

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Толық тіреуішті иінді білік- кез келген екі көршілес түпкі мойындары арасында тек қана бір шатунды мойын орналастырылған иінді білік.

Аралық, арадағы білік

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аралық, арадағы білік- беріліс қорабының жетекші білігінен, жетектегі білігінен айналдырушы иінді күшті беретін білігі.

Өтпелі білік

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өтпелі білік - тікелей агрегат арқылы өтіп (мысалы, орталық белдіктің негізгі (бас) берілісі арқылы), айналдырушы иінді күштің бір білігін басқа агрегатқа таратып беретін (мысалы: артқы белдіктің негізгі (бас) берілісіне) білік.

Босаңдататын жұдырықшаның білігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Босаңдататын жұдырықшаның білігі – айналдырушы иінді күшті пневматиқалық қамерадан босаңдататын жұдырықшаға тартып беретін тежеуіш механизмнің білігі.

Үлестіруші білік

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үлестіруші білік – айналып тұрған кезде жұдырықшалар арқылы операциялардың берілген тәртіппен орындалуын қамтамасыз ететін үлестіргіш механизмнің білігі (мысалы, қозғауыштың шығарушы және кіруші қақпақшаларының ашылуы).

Рульдік дөңгелектің білігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Рульдік дөңгелектің білігі- рульдік доңғалақты рульдік механизмнің жетекші білігімен қосатын білік.

Үйлесімді қуат алу білігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үйлесімді қуат алу білігі - беріліс қорабының жетектегі білігімен тікелей немесе куат алу қорабы арқылы қосылған қаб.

Иіннің білігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Иіннің білігі - сыртқы ұшында иін бекітілген рульдік механизмнің жетектегі білігі.

Спидометрдің білігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Спидометрдің білігі- айналуды бөліп таратқыш қораптың немесе беріліс қорабының жетектегі білігінен спидометрге таратып беретін, корғаныш сырт қабақшадағы иілгіш білік.

Жартылай тәуелсіз қуат алу білігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жартылай тәуелсіз қуат алу білігі - көліктік құрал токтап тұрған кезде ғана ағытылатын және қосылатын тәуелсіз қуат алу білігі.

Эксцентрикті білік

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Эксцентрикті білік - түрі эксцентрик сиякты жұдырықшапары бар білік.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар  : «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
  3. a b Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.